Бейсенбі, 09 Қараша 2023 15:42

Жерлесіміз «Қазақстанның халық жазушысы» атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтару тапсырмасы аясында Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

«Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және (немесе) әдебиет саласындағы  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі» делінген Үкімет қаулысының жобасында.

2023 жылы Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы отандық әдебиеттің дамуына тер төгіп келе жатқан қалам-герлеріміз де бар. «Қазақстанның халық жазушысы» атағына Төлен Әбдікұлы, Софы Сматаев, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Любовь Шашкова, сондай-ақ біздің ауылдасымыз, Малыбай ауылының тумасы  Ахметжан Аширов ие болды.

Ұйғыр халқының белгілі жазушысы, халықаралық «Алаш», «Қорқыт ата» әдеби сыйлықтарының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Ашири кесек-кесек туындыларымен, драматургиялық шығармаларымен, роман, повестерімен кеңінен танылған.

Ахметжан Аширов өз сұхбатында «Туған топырақ жайлы толғансам, көзімнен жас сорғалай бастайды. Иә, ықпал еткені рас! Бұл – менің сырымды қозғайтын үлкен әңгіме. Осы кезге дейін көп әңгіме, повестерді жаздым. Бірақ Шарбақ  ойымнан бір күн кетпейді. Елу жасқа таяғанда «Нұр ана» деген повесть жаздым. Жеңіс күні шарбақтық жерлестерім жеңіске қуанбады, қасіретке толы көз жастарын төкті. Келешегі жоқ елді мекендердің тізімі ішінде менің туған жерім Шарбақ та бар болатын. Жеңіске мен де қуанбадым. Амалының жоқтығынан байырғы құтты мекені Шарбақты тастап,  Малыбайға көшіп бара жатқан жерлестерім әлі де көз алдымда. Көштің соңында біздің отбасымыз да болды. Екі есек арбаға тұрпан кауасын тиедік. Ат арбаға қазан-шөміш, дутар, тозып жыртылған киіз, соғыстан қайтпай қалған ағамның киімдерін салып алдық. Жауынгер батыр танкист ағамның  Украинадағы соғыс даласында  қайтыс болғанын жеткізген  «қара қағазды», ағамның соңғы суреттерін әкем маған берді. Мен «қара қағазды» алдым да, қайғыдан өзенге қарай жүгірдім. «Қара қағазды» жыртып-жыртып суға лақтырдым. Жейдемді шешіп оған туған жерімнің топырағын орап алдым. Сақтап жүрген сол топырақты кейін Малыбайда қайтыс болған әкемнің, шешемнің, әпкемнің, Қазақбай ағаларымның зират басына септім», – деп еске алады.

Бес жүз бет «Идиқұт» романды бес рет көшіріп, Малыбай ауылында жазып бітірді. Еске алған Аширов романды аяқтап болып: «Өзімнің жалға алған «Арзу» аталатын егістік жер теліміне бардым. Жиде ағашының саясында жападан-жалғыз, емін-еркін отырып жылап алдым. Бұл қуанышымнан төгілген көз жасы еді. Өйткені осы романымды жазуға он жылдық өмірім кеткен болатын» – дейді.

Роман жайында ұлт жанашырлары, рухты қаламгерлер, ақылға, данышпандыққа, талантқа бай, шебер өр мінезді жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дүкенбай Досжанов, Қалихан Ысқақов, Мұхтар Мағауин, Әкім Тарази, Иран Ғайып, Марфуға Айтқожа, Қалтай Мұхамеджанов, Сайын Мұратбеков, Ялқун Шамиев, Учкун, Алимжан Хамраев, тағы басқа сыншы, зерттеушілер баспасөзде жоғары бағасын берді. Әдебиетші Шерияздан Елеукенов, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы өздерінің пікірін  жазып,  лебіз білдірді.

Ұйғыр театрына «Өлмес болып туғандар» деген пьеса әкелді. Үш рет талқығатүсті. Көркемдік кеңес мүшелері әртүрлі пікірлер айтты. Ол пьеса 1973 жылы қойылды. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Б.Омаров қойды. Кейін «Мұқамшылар», «Диқан», «Жалғыз жалбыз», «Идиқұт», «БаурчуқАртТекін», «Шарбақ», «Астана», «Он екі мұқамның», «Рак», «Чаббаят», «Мушәвирәк», «ПәнжигаҺ», «Өз Һалму» сынды драма жазды.            

           

Арзигул АБДРИМОВА,

Малыбай орта мектебінің тарих және ұйғыр тілі пәні мұғалімі.

Оқылды 979 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Құсбегілер сайысы өтті Көне жәдігерлерге толы көрме »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет