Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 14:57

Жастар тәрбиесі басты назарда

Осыдан 28 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан тарихында ерекше күн болды. Ата Заң Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Біз – зайырлы мемлекетпіз, сондықтан да Конституцияға сәйкес өмір сүруіміз керек деп ойлаймын. Бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап, ұлттық мүдде, салт-дәстүр төрден орын ала алмай жатыр. Кейбір жастар ана тілінен жеріп, газет, кітап оқу дегенді қажеттілік санамай, көргені «тик-ток», тыңдағаны шетелдік ән болып барады. Қоғамдағы келеңсіздікке көз жұма қарауға болмайды. Үлкенін құрметтеп, әкені, ананы қадірлеп, қызын төрге оздырған, жетімін бағалап, жесірін жылатпаған ата-баба аманатын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін «заңға теңеген» қазақ халқы егемендіктің көк туын да жоғары ұстауы керек.

Ел ағалары, әр ауылдың ардагер ақсақалдары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру жалпы қоғамның ісі болып отыр. Бүгінгі қоғамда неше түрлі оғаш көріністер, дөрекілік, тәрбиенің таяздығы, сыйластықтың жоқтығы, басқа да көптеген жат қылықтар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап барады.Жастардың дені отбасынан емес, әлеуметтік желіден өнеге алуға деген құштарлығы алаңдатады. Жастардың психологиясына кері әсер ететін нәрселерден шектеп, қатыгездікке бармайтын, мейірімді, қайрымды, әдепті жастарды ұстаз, ата-аналар, ата-әжелер бірігіп тәрбиелеуіміз керек. Осыған орай Шелек аулындағы 68 жылдық тарихы бар Шелек политехникалық колледжінің директоры Қуат Дүйсебаевтың ұйымдастыруымен Шелек ауылының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Тұрпанбаев және полиция қызметкерлері, колледж әкімшілігінің қатысуымен кездесу өтті. Шараға ұстаздар, студенттер қатысты.Оқу орнында қоғамдық тәртіпті сақтау, колледж студенттері арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекто-рының кабинеті ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне подполковник Серік Тұрпанбаев бастаған полиция майоры Ернұр Құрамаев, полиция майоры Рану Мұталипова,  полиция капитаны Азамат Жұмағұлұлы, полиция капитаны Динара Пәрме-нова, полиция лейтенанты Руслан Алминов, полиция лейтенанты Әсия Әкімхан қатысты. Колледж студенттерінен құралған «Жалын» тобымен бірге колледждің ардагер оқытушы ұстаздары мен студенттер қатысты. Ашылу рәсімінен кейін акт залында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу туралы жиын өтті. Интернет қаіупсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын полиция қызметкерлері жүргізді. Жиын барысында арнайы түсірілген бейнероликтер де көрсетілді.

 

Әсет АЛЖАНБАЙ,

ардагер ұстаз, запастағы капитан.

Оқылды 2024 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Батамен ел көгерер Апат айтып келмейді »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет