Жұма, 19 Қаңтар 2024 12:19

Демократиялық партия шаруаларды қолдайды

Жаңа жыл өңірімізде ҚР Парламенті депутаттарының сапарымен басталып, халық қалаулылары қордаланған мәселелермен танысып, аудан тұрғындарымен жүздесті. Өткен аптада «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев ауданымызда болып, ауыл шаруашылығы саласындағы түйіткілдердің түйінін тарқатуға күш салатынын жеткізді.

«Алтын адамның» атамекеніне ат басын тіреген Азат Перуашев, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов «Алтын адам» тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, шежірелі тарихымыздан сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Музей қызметкерлері тәуелсіздіктің символына айналған «Алтын адамның» тарихынан, сақтар мәдениетінен сыр шертті. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау мақсатында ғылыми-зерттеу, мәдени-ғылыми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, оны жалпы халыққа насихаттау жолында жемісті еңбек етіп жатқан ұжымға Азат Тұрлыбекұлы ризашылығын білдірді.

Мәжілісменнің сапары Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында жалғасты. Ауданның бас дәрігері Жамиля Абеуова мекеменің жұмысымен таныстырып, жетістіктерін көрсетті.

Бүгінде денсаулық сақтау мекемесінде 2200-ге жуық ақ халатты абзал жан қызмет етеді. Оның 300-ден астамы тәжірибелі дәрігер. Ауруханада 37 санитарлық автокөлік бар, оның ішінде 16 дәрігерлік амбулаторияларда, 4 санаттағы қиындықтарға қызмет көрсету үшін 6 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бригадалар планшеттермен қамтамасыз етілген, орталық аурухананың қабылдау бөлмесімен мобильді байланысы бар, интернетке қолжетімділік толық қамтама-сыз етілген.

Жуырда ғана «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында түрлі диагностикалық құрылғылар іске қосылған болатын. Атап айтсақ, МРТ, цифрлы рентген аппараты, әйелдерде онколо-гиялық ауруларды ерте анық-тауға арналған цифрлы маммограф, жүрек ауруларын анықтауға арналған тредмил жүйесі.

Аталған құрылғыларды көріп, аурухана ұжымымен жүздесіп, ем қабылдауға келген азаматтармен тілдескен Азат Перуашев саулық сақшыларының қызметіне оң бағасын берді.

Мәжіліс депутатының сапары шарап өндірісімен айналысатын «Arba Wine» ЖШС-де жалғасты. Табиғи таза өнім өндірумен айналысатын зауыттың жұмысы бүгінгі таңда тоқтап тұр. Бас инженер өнді-рістің тоқтауын былтырғы өнімнің болмауымен байланыстырды. Айтуынша, 2023 жылы жүзімдіктер өнім бермеген.

– Былтыр көктемнің шығуына байланысты бау-бақша өнімдері жеміс бермеді. Оның үстіне көктемде бұршақ жауып, үсік жүрді. Салдарынан алма мен жүзім өсіретін шаруалар өнімдерінен айырылды. Шарап зауытының да жұмысы сол себепті тоқтап тұр – деген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеев саладағы бірқатар проб-лемаларға тоқталды.

Былтыр аудан шаруалары-ның ала жаздай атқарған еңбегі ақталмай, жүгерінің бағасы былтырғыдан екі есе төмендеп кеткен. 2022 жылы жүгері 120 теңгеден сатылса, биыл баға 55 теңгеге төмендеген. Мұны мамандар шаруалар-дың жаппай жүгері егуімен байланыстырған. Оған қоса, сақтайтын әрі өңдейтін қоймалардың тапшылығы сезіледі өңірімізде.

Сонымен қатар, Ермек Жакеев қара жерден несібесін айырған шаруалардың тағы бір мәселесін жеткізді халық қалаулысына.

– Бүгінде мемлекет тарапынан шаруаларға қолдау жасалып жатыр. Десек те кейбір субсидия нормаларын жетілдіру қажет. Айталық, шаруа қожалығының иесі мемлекеттен дизель отынын алу үшін Ауыл шаруашылығы ми-нистрлігіне қарасты gosagro.kz сайтына өтінім беруі тиіс. Бұл сайтта жүгері өсіретін шаруаға көктемгі жер өңдеуге гектарына 18 литр дизель отыны беріледі. Ал кезінде механизация институты бұл норманы 73 литр деп белгілеген. 18 литр дизель отын шарулардың жыртығын жамауға жетпейді, сондықтан олар да өтінім бермейді. Сонымен қатар бау-бақша өсірумен айналысатындарға сайтта субсидия қарастырылмаған – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

– Біздің партия негізінен кәсіпкерлер мен шаруаларға қолдау көрсетеді. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жатқан сала өкілдерінің проблемаларын шешу – біздің басты міндетіміз. Бұл мәселелерді Парламент қа-бырғасында көтеріп, жауапты министрлікпен жұмыс жасайтын боламыз – деді Азат Перуашев.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 716 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Апат айтып келмейді Музей- өңір тарихы, өмір өткелдері »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…
Шіл 10, 2025

Жизнь человека и общественная…

30 июня на футбольном поле в селе Алмалыбак на 10-летнего Максим Головачёва напала…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет