Жұма, 19 Сәуір 2024 12:37

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші, ауылдық әкімдік пен  жергілікті тұрғындар тонның ішкі бауындай байланысып, бірлесіп жұмыс жүргізгенде ғана жетістікке жетуге мүмкіндік туады. Ал, жергілікті әкімдіктердің жұмысын жандандырып, түйіткілді мәселелерін бірлесіп шешетін қоғамдық кеңестердің ықпалы зор. Ұрпақ тәрбиесінен бастап, халықтық қалпымызды сақтау, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді ұстану, берекесіздікке бастайтын ысырапшылдықтан арылу, бірлікті бекемдеу, адамгершілікті, әділдік пен жауапкершілікті сезіну, заң мен тәртіпке бағыну, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу жолында ақыл-кеңес айтып, дамудың даңғыл жолына бастау –  көпті көрген, өмір тәжірибесі мол аға ұрпақтың басты мақсаты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құ-рылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз біртұтас ұлт және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық мүд-демізді, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әр-дайым  дайын болуымыз керек»  екендігін  ашып айтты. Ұлт болып ұйысып, тәуелсіздігімізді тұрақты ету үшін, ең алдымен қоғамдағы кесірін тигізетін кертартпа кедергілерден арылып, жұрт болып жұмылып, игі істерге ұйытқы бола білуіміз керек. Ол үшін әр ауыл, елді мекендерде өз мәселелерін өз-дері шешуге жұмылдыру осы қоғамдық кеңестердің қолында.

Шелек өңірінің белсенді ақсақалдар тобы аудан әкім-дігімен келісілген арнайы кесте бойынша, әр ауылдық округтің ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы, жігіт ағаларының, ауыл белсенділерінің басын қосып, түсіндіру жұмыстарын жүргі-зіп, келелі кеңестер беріп, қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруды қолға алғанды. Топ құрамына елге сыйлы, жұртқа беделді, көпке құрметті адамдар тартылған. 

Кезекті кездесу Қаратұрық ауылдық округіне белгіленіп, аталмыш топ осы округке ат басын тіреген еді. Қазақ қонақ келсе, құдайындай сыйлап, қарсы алатын халық қой. Әкімдіктің бір пұшпағын илесуге атсалысу мақсатында, құрамында ауданның құрметті азаматтары, жұртқа сыйлы, танымал азаматтарын лайықты қарсы алу былай тұрсын, қол астындағы қажетті кісілерін жинап, келелі кеңеске қатыстыруды ұйымдастыра алмағаны өкінішті. Мұндай көрініс біраз окуріктерде бай-қалғанмен, округ әкімі не орынбасарлары қатысатын жиынға. Бұл басқосуда округ әкімі не орынбасары бой көрсетпеді. «Қазір науқанды жұмыстар болғандықтан келе алмады. Бұл іске жауапкер мен келдім» – деп, бір жас маман ақтала сөйледі. Кездесуде негізгі адамдар емес, мектеп, балабақша қызметкерлерімен адам санын толтырыпты. Округке қарасты алты ауылдан, бар жоғы алты адам жиналған жиын бір сағатқа кешігіп басталды.  Жиналғандардың біразы жиын аяқталмай кетіп қалды.

Амал жоқ, бес-алты адаммен жиын өтіп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, одан кейін үйлестіру тобының жетекшісі Нұрлан Мұхаметқалиев, Алмагүл Орымбетова, Әлібек Жапеков, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, дін қызметінің өкілі Құрамыс Сәрсебаев ауыл-дардағы қоғамдық ұйымдардың басын қосып, атқарылатын жұ-мыстарды алға тартып, осы жылдың жарты жылдығында Шелек өңірінде, екінші жарты жылдықта Есік өңірінде қоғам-дық кеңестің  құрылу мақсатын түсіндірді.

Кеңестің негізгі мақсаты – келешек иелерін саналылыққа тәрбиелеуді әуелі бесіктен бастап, ата-ана, содан кейін балабақша, мектептен бас-тау, еңбек етуге үйрету, денсаулыққа зиянды заттарды тұтынудан, қаптаған теріс діни ағымдардың жетегіне еруден қорғау, мейірімділікке, қайы-рымдылыққа баулу, ауылдағы тазалықты сақтау, түйінді мәлелелерді көп болып шешу. Кеңес – халық пен сол биліктің арасында алтын көпір іспетті. Өйткені елдің еңсесін көтеретін іс өздері үшін керек.

Қаратұрық ауылының жігіт ағасы Мұхтаржан Мурадилов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайын Өміржанов ел игілігі үшін, түйіткілді мәсе-лелерді бірігіп шешу, ортақ іске көп болып жұмыла атсалысу идеясын құптайтынын айтты.

Бұрын да мұндай кеңестер болды. Дегенмен, нақты атқа-рылған істен гөрі, қағаз жүзінде есеп беру басым болғаны  шындық.  Ал мына қоғамдық кеңес барлық ұйымдардың басын қосып, қолға алған жұ-мысты жүйеге түсіреді. Себебі, әр ауылдың аяқ алысы, кезек күттірмейтін проблемасы назарда тұрады. «Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тауып айтқан ғой. Бірлік болса, тірлік те жанданатыны бесенеден белгілі.  Олай болса, Мемлекет басшысы айт-қандай, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеясын іске асырайық!

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 819 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кеңесіп пішкен тон келте болмас Ғасыр жасаған ардагер »

Соңғы жаңалықтар

Шіл 18, 2025

Алматы облысында балабақшаларға…

Алматы облысында мектепке дейінгі білім беру саласы жаңа қаржыландыру жүйесіне көшіп…
Шіл 18, 2025

2025 жылы мал шаруашылығын…

Ағымдағы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды…
Шіл 18, 2025

День металлурга в Казахстане — 20…

Сегодня металлургия является одной из ведущих и перспективных отраслей промышленности…
Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет