Дүйсенбі, 03 Маусым 2024 16:10

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Бүгін Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жібек жолы» аттракциондар паркінің алғашқы кірпіші қаланды.


Бұған дейін №8 жағажай аталып келген аймақ енді паркке айналмақ. Қытайлық инвесторлар мұнда 100 млн доллар қаржы құяды деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2500 адам тартылып, жоба аяқталған соң 500 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылады.

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.

«Қонаев қаласы облыс орталығы болғанына биыл 2 жыл болды. Осы аралықта жағажайларды абаттандыру жұмыстарын бастап кеттік. Бүгін жаңа жағажайдың алғашқы тасы қаланды. Бұл – өте қуанышты жағдай. Себебі, Қонаев туристер үшін тартымды, халық үшін қолайлы, ақылды қала болуы тиіс. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жоба бойынша бұл жерде қонақ үйлер, пирс, субұрқақтар шоуы, аквапарк, аттракциондар, сауда орындары салынады. Аумағы – 15 гектар. Алғашқы кезеңінде 7 гектардан астам жер игеріліп, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Ал екінші кезең 2025 жылы жүзеге асады. Жаңа жағажай бір маусымда 3 млн адам қабылдай алады.

Сондай-ақ қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс барысында әкімдік қойған әр талапқа бақылау болатынын айтып өтті.

«Кез келген инвестициялық жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Ол дегеніміз – Қазақстанның талаптарына сай салынады дегенді білдіреді. Әкімдік тарапынан қойылған шарттың ішінде құрылыс сапасы, экологияға зиянсыз болуы жайлы талап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жазылған. Былтырдың өзінде 1,3 млн демалушы келген болатын. Биыл бұл межеден асу жоспарланған. 3 млн адамды да күте аламыз. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту, демалыс орындарын салу бағытындағы басқа да инвестициялық жобаларға қолдау көрсету секілді жұмыстар атқарылуда», – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Қонаевта №5 жағажай мемлекет қаржысына абаттандырылып жатыр. Ал №7 қалалық жағажайдың маңында «Кроссфит алаңы» салынуда. Сонымен қатар 1 шақырымнан астам жағалау аумағы жеке инвестордың қаражатына абаттандырылуда.
Показать перевод
 
Оқылды 403 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет