Сенбі, 15 Маусым 2024 11:01

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті.

Аталған бастаманы қолдау мақсатында апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша акцияға 2,4 миллионға жуық адам, соның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды. 4,6 мыңнан астам қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Шамамен 300 мың шаршы метр көше-жол жабыны (плитка, кеспе тас және т.б.) жөнделді және ауыстырылды. 5 мыңнан астам тарихи-мәдени нысан және 758 субұрқақ ретке келтірілді.

Сонымен қатар өзендер мен көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақ, 8,4 миллион метрден астам арық тазартылды.

Аталған іс-шараға 40 мыңнан астам арнайы техника тартылды.

Сонымен қатар су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің азаюына байланысты су тасқыны болған өңірлердің әкімдіктері биылғы маусым айынан бастап республикалық экологиялық акцияға қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Құжат биылғы 1 қыркүйекке дейін дайындалады. Бекітілген тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әкімдіктер алдағы 5 жылға арналған тиісті өңірлік жоспар қабылдайды.

t.me/aqorda_resmi.

Оқылды 973 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет