Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2024 15:45

Халықтық штаб: Атом энергетикасы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту кепілі

Зерттеу нәтижесі АЭС жұмыс істейтін аумақтарда кейбір дақылдардың өнім көлемі артатынын көрсетуде. Бұл ауылшаруашылығы жұмыстарына жасалған жағымды жағдайға, соның ішінде суару және жер өңдеу жүйелерін тұрақты энергиямен жабдықтауға байланысты. АЭС-тың агроөнеркәсіп кешеніне тигізер әсерін Халықтық штаб мүшелері «GREEN Land ALATAU» ЖШС еңбек ұжымымен талқылады. Бұл – жылына 9 мың тонна қияр өсірілетін озық жылыжай кешені. Өнімнің басым бөлігі сыртқы нарыққа шығарылады.

Елімізде бай табиғи ресурс бар. Алайда оның басым көбісі қалпына келмейтінін ұмытпаған ұстаған жөн. Яғни, қордың да шегі бар.

Өз кезегінде, кәсіпорынның бас инженері Леонид Садовский Қазақстан табиғи жағдайларға, газ және көмір қорларына тәуелді болмауға тиіс екенін атап өтті.

«Көп адам қияр өсіру кезінде күндіз электр қуатын тұтынбаймыз деп ойлайды. Алайда, біз бұлтты күндері, әсіресе қыс мезгілінде электр қуатын пайдалануға мәжбүрміз. Бұл – ауа райына тәуелділіктің нақты мысалы. Сондықтан біздің электр жүйемізге электр энергияның қазіргі түрлерімен қатар атом электр станциясы сияқты тұрақты энергия көзі қажет», – деді ол.

Осылайша, атом энергетикасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнеркәсіп кешенінің ұзақ мерзімді дамуына серпін бере алады. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздікке, көміртегі ізін төмендетуге және Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетін күшейтуге жасалған маңызды қадам болмақ.

Оқылды 261 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет