Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2024 15:34

️БҮГІН АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Штаб құрамындағы белсенділері Атом электр станциясын салудың маңызы мен тиімділігі туралы әңгімелеп, көпшілікті 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға белсенді қатысуға шақырды. АЭС еліміздің жан-жақты дамуы мен өсіп өркендеуіне мүмкіндік беретін аса тиімді қуат көзі болар еді,- деді Халықтық штаб мүшесі, Б.Рахимов

 

Сондай-ақ, штаб мүшелері кәсіпкерлерге Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық бойынша міндеттеме қабылдағанын еске салды. Яғни көмір технологиясымен өндірілетін барлық тауарға әлемдік нарықта қосымша салық салынады. Электр энергияның 70%-ын көмір станцияларынан алатын Қазақстан үшін бұл айтарлықтай кедергі болуы мүмкін. Сондықтан АЭС салу қазақстандық өнімнің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетін арттыруда стратегиялық маңызға ие.

Ұжым алдағы референдумға белсенді қатысып, АЭС-ты қолдауға дайын екендерін жеткізді. Олардың айтуынша, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елімізде озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауында: «Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек»- деген болатын.

#АЭСтаңдаймыз #АЭСүшін #Реферндум2024 #НародныйШтаб

Оқылды 631 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет