Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 17:23

Ауылым – алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім mezet.kz

Әлбетте, жат идеологияға қарсы тұра алатын  – елдің ұлттық құндылғы мен тарихы. Салт-санамызды, дәстүр-ғұрпымызды, өнеріміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау – азаматтық парызымыз. Осы мақсатта мәдениет үйлері арасында дәстүрлі түрде өтетін облыстық байқауда биыл ауданымыздың Ават және Қырбалтабай мәдениет үйлері бақ сынады.

Шараға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Сайысқа бағасын беріп, әділ төрелігін айтқан әділ-қазылар алқасы құрамында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Доланғаранов, ҚР мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы облыстық филормониясы «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамбілінің балетмейстері Раваль Сейфуллин, ҚР суретшілер одағының мүшесі, облыстық көркемөнер галереясының директоры Қайрат Қаблисанов, ҚР мәдениет саласының үздігі, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Асқар Нұрма-хамбетов болды.

Байқау барысында өңіріміздің талантты өнерпаздары әуезді әннен, күмбірлеген күйден, мың бұралған биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров:

– Бұл байқау жыл сайын облыс көлемінде шалғай ауыл-аймақтардағы мәдени нысандардың жағдайын жақсартып, таланттарды тану мақсатында ұйымдастырылып отырады. Осы шара арқылы өнер ошақтарының безендірілу жұмыстарына көңіл бөлініп, материалдық-техникалық базаларға баса назар аударылды. Қаншама өнерлі өрендер мен талантты жастар танылды,  – деп қорытындылады.

Айта кетейік, байқау қорытындысы жыл соңына қарай шығарылады.

 

Жансая ЫСҚАҚ

Оқылды 3209 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет