Бейсенбі, 28 Қараша 2024 10:44

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауында ел көкейінде жүрген көптеген мәселелерді қамтығаны мәлім. Соның бірі Жолдаудың алтыншы бөлімінде ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту мәселесі.

Президент өз сөзінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс», – дей келе бірыңғай медициналық ақпарат жүйесін жасау керектігін ескерген еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы бұл орайда медицина саласын жан-жақты дамыту қажеттігін баса назарда ұстау қажеттігін ескерді.

Қоғамның ең негізгі бөлшегі денсаулық сақтау саласы екені анық. Сол себепті де мемлекет медицина саласына үздіксіз көңіл бөлетіні түсінікті. Осы орайда биылғы жылы аумағы үлкен ауданымызда да бірқатар жұмыстар атқарылғанына куәміз. Айталық, ағымдағы жылы Қызыл-шарық ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, 1 тамызда қолданысқа берілді. Аталған ғимараттың құны 704 млн теңгені құрады. Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухананың жұмысына 6 млрд теңге қаражат бөлініп, 2025 жылдың ақпанында аяқталады деп жоспарланған.

Медицина саласында расымен олқылықтар жоқ деп айта алмаймыз. Мәселелер өз шешімін табу үшін Президентіміз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы ресурстарды тарту, білікті медицина мамандарының санын арттыру, медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру  сынды өзекті мәселелерді алға тартқаны белгілі. Халық көкейінде жүрген Президент тарапынан аталған мәселелер шешімін тауып, нақты тапсырмалар алдағы уақытта жүзеге асады.

Иә, денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттің басты міндетінің бірі болғандықтан, Президентіміз жыл сайынғы Жолдауларында бұл саланы назардан тыс қалдырған емес. Жылдан-жылға елімізде заман талабына сай ауруханалардың бой көтеріп, көбеюі көңіл қуантады.  Жоғарыда айтылған біздің ауданымыздағы жаңалықтар ол биылғы жылдың 9 айлық есептік көрсеткішімен айтылған. Болашақта да медицина саласының игілігі мен жақсы хабарлары көп боларына күмән жоқ.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 986 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет