Сәрсенбі, 05 Ақпан 2025 10:04

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген. QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады. SafeTravel.kz-те: Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған "102" мобильді қосымшасы, оның ішінде "SOS" функциясы; Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама; Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы; Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі; Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме; Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері; Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді. Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstan-iim-turister-ushin-qauipsizdik-zhujesin-engizedi-arbir-sheteldik-qonaqqa-qr-kody-bar-kartochka/

Оқылды 254 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет