Бейсенбі, 06 Ақпан 2025 11:53

Су үнемдеу технологияларын әзірлейтін 5 зауыт ашылады

Қазіргі уақытта су үнемдеу технологияларын әзірлейтін төрт отандық зауыт жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Шетелдік компаниялармен бірлесіп су үнемдеу технологияларын әзірлейтін 5 зауыт салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге түрік және қытай компаниялары тамшылатып суару машиналарының өндірісін іске қосу бойынша үш жобаны жүзеге асырып жатыр.
 
"Үкіметтің жақында өткен кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қазақстанның су саласына шетелдік технологиялар мен инвестицияларды тартудың маңызын тағы да атап өтті. Бүгінде біздің министрлік шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру үшін субсидиялар түрінде барлық қажетті жағдайды жасайды. Бұл іс-шаралар өткен жылы 158 мың гектар егіс алқабына су үнемдейтін жүйелерді енгізуге мүмкіндік берді", - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры Берікбол Мәндібаев.
 
Сондай-ақ биыл тамшылатып суару жабдығын шығаратын екі зауытты Түркістан облысында ашу жоспарланған.
Жалпы қазіргі уақытта Қазақстанда су үнемдеу технологияларын әзірлейтін төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Олар - Астана қаласындағы тамшылатып суару машиналарын шығаратын зауыт, Түркістан облысы мен Алматы қаласындағы тамшылатып суару жабдығын шығаратын екі зауыт және Түркістан облысында су үнемдейтін жүйелердің екі түрін де жасайтын кәсіпорын.
Оқылды 329 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет