Дүйсенбі, 17 Ақпан 2025 17:42

Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты

Алматы облысының 4 ауданында су басу қауіпі бар 13 аймақ анықталды. Онда 34 мыңнан астам халық тұрады. Ерте көктемде қызыл су басып қалмауы үшін төтеншеліктер алдын алу шараларын қолға алады. Бүгінгі күні облыста 42 гидропост қойылған екен.

Мамандар, облыс аумағындағы өзен арналарындағы жағдай тұрақты дейді.
«Облыстағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» ірі су қоймаларындағы су толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні сыйымдылық 31%-дан 92%-ға дейін жеткен. Қалған су қоймалар транзиттік режимде жұмыс істейді, теңгерім ұстаушылар тұрақты мониторинг жүргізеді»»,-деді Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Даурен Азаматов.

Төтеншеліктер су тасқынына сақадай саймыз деген ойда. Олардың айтуынша, жыл басынан 63,6 км арық, 30 км арна мен 78 су өткізу құбыры тазартылып, 17 мың шаршы метр қар шығарылған.

«Су тасқыны кезеңіне облыстың азаматтық қорғау қызметтерінде жалпы саны 1136 адам, 347 бірлік техника 130 мотопомпа, 36 бірлік жүзу құралдары, 8,2 мың тонна инертті материал мен 81,5 мың қап, 76 тонна жанар-жағар май дайындалды»,-дейді спикер.

Жалпы алғанда, облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.

Оқылды 384 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет