Жұма, 21 Ақпан 2025 11:30

Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғайтын инновациялық жоба әзірледі

Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім — 100 жаңа тұлға» айдарын жалғастыруда.

Бүгінгі айдардың кейіпкері — Қостанай ауданы Александр мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков. 

Жас өнертапқыш ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін «Smart Bridge» инновациялық жүйесін құрастырды. 

Бұл идея Викторға 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін келген. Автоматтандырылған жүйе су деңгейінің критикалық көтерілуінің алдын алады: датчиктер алдымен қауіпті тіркейді, ал бағдарламаланған Arduino микроконтроллері көпірді бірден көтеру механизмін іске қосады, оны тіпті күшті ағынмен де бұзудан қорғайды.

«Менің мақсатым — адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жобаны жасау барысында көтеру механизмін таңдау қиындық тудырды, бірақ оны сәтті жүзеге асыра алдық», - дейді Виталий Базаркин.

Болашақта Виктор көпірді көтеру функциясын және шұғыл қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радио интеграцияны қосу арқылы модельді жетілдіруді жоспарлап отыр, бұл дабылға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жоба қазірдің өзінде жоғары бағаланып, «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауында «Өнеркәсіп саласындағы техникалық құрылыс» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

Оқылды 414 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет