Дүйсенбі, 24 Ақпан 2025 11:08

Қызылорда облысында 111 отбасы баспаналы болды

Ақтоты Жапатова

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті,– деп хабарлайды Dalanews.kz 

Салтанатты рәсімге жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

 

Аймақ басшысы жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерге тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Жерлестеріміздің ауызбіршілігі, ынтымақ-бірлігінің арқасында өңіріміз өркендеу жолына түсті. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыс бойынша 187 нысанның құрылысы салынып жатыр. Бұл – өңірде қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Жалағаш ауданында да ауқымды істер атқарылып жатыр. Соңғы 3 жылда Жалағаш ауданына 50 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Бүгін міне, 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, жаңа қонысты иелеріне салтанатты түрде табыстаудамыз.Елдік мүддеге қызмет етіп, жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы аяқтаған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Қоныстой құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салған құрылысшылар марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қоныстой иелерін құттықтап, батасын берді.

Айта кетейік, өткен жылдың басында аудан бюджеті 10 млрд. 200 млн. теңгеге бекітіліп, жыл көлемінде 12 млрд. 200 млн. теңгеге ұлғайды. Аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. "Ақсу", Мөрәлі Шәменов елді мекендері газға қосылып, тұрғындар игілігін көруде.

Ауданда 5 жоба жүзеге асырылып, 19,3 шақырымнан астам көше, жол тораптары жөндеуден өтті. Соңғы 3 жылда 5 елді мекеннің 66,3 шақырым электр желілері жаңартылды.

Оқылды 367 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет