Сейсенбі, 01 Сәуір 2025 09:48

Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

Бұл туралы баспасөз-мәслихатында су жаңа теларнаның басшылары мәлімдеді.

Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның жаңа басшысы Қымбат Хангельдина болса, бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.

Жаңалыққа негізделген телерадиокешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады.

«Мамыр айында ақырындап іске қосылып бастаймыз. Жалпы штат саны-80. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді сүзгіден өткізіп, жұмысқа қабылдаймыз. Жұмыс жоспары әзірлену үстінде»,-деді «Qonaev media» телерадиокомпаниясы ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.

Алматы облыстық телеарнасы деп саналғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Алайда, арна көрерменнің жүрегіне жол тауып жатса, іскерлік жобалар да қолға алынып, кіріс әкелетін арнаға айналу көзделген.

Телеарнада жаңалықтан бөлек, түрлі бағыттағы бағдарламалар эфирден көрсетілмек.

«Ақпараттық хабарлар күнделікті үш мезгіл эфирден беріледі. Апта сайын ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жарық көреді. Өңірдің әлеуеті зор. Сондықтан, мәдениет, спорт, туризм бағыттарын қамтитын циклді жобалар болады»,-деді «Qonaev media» арнасының бас продюсері Қымбат Досжан.


Жаңа арна ашылғанымен, телеарна қызметкерлері үшін қолайлы кеңсе табу өзекті мәселе болып тұр. «Qonaev media» телеарнасының ғимараты уақытша Алматы қаласында орналасады. Облыс орталығы Қонаев қаласнан арнайы медиа-орталық ашылған кезде, арна толықтай облыстың бас шаһарына қоныс аударады.

Айта кетейік, болашақта арна жанынан жергілікті радио әуе толқынында хабар тарататын болады.

Оқылды 446 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет