Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025 16:14

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 11 білім беру бағдарламасы аясында талапкерлерді қабылдайды. Құжаттарды онлайн түрде "Admission" ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін тапсыруға болады.

Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын жоғары оқу орны. Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру жүзеге асырылады. 2025 жылғы оқу жылы үшін қабылдау науқаны 1 сәуірде басталды. Үміткерлер құжаттарын онлайн форматта тапсыра алады.
Малик Асановтың айтуынша, 2025 жылғы қабылдау науқаны аясында магистратура бағдарламаларына қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Сонымен қатар, магистратура бағыттары арасында «Цифрлық мемлекеттік басқару» атты жаңа бағдарлама іске қосылды.
«MPA – Мемлекеттік басқару» бағдарламасына түсу үшін кемінде 5 жыл, ал «MPP – Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін кемінде 4 жыл мемлекеттік қызмет өтілі қажет.
Қабылдау науқанының тағы бір жаңалығы — енді ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де оқи алады. Әрбір білім беру бағдарламасына нақты салалық талаптар енгізілген.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, ал офлайн сұхбат 8-23 шілде аралығында ұйымдастырылады. Нәтижелері 25 шілдеде жарияланады, – деп түйіндеді Малик Асанов.

Оқылды 384 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет