Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 10:46

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды ұйымдастырушылық қайта құру, техникалық жаңғырту мен цифрлық сервистерді енгізу жүргізілді.

 

  ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының жаңғыртылған ахуалдық залы іске қосылды, оның негізінде ықтимал техногендік және табиғи апаттарға ден қоюды болжау, модельдеу және талдау, сондай-ақ олардың салдарын бағалау құралдарымен цифрлық сервистерді шоғырландыру жүргізіледі.

  Төтенше жағдайларды болжау және модельдеу үшін «ТЖ ГАЖ» цифрлық сервисі іске қосылды, ол «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ Геопорталымен бірлесіп су тасқыны жағдайын модельдеу және тұрғын үйлердің су басуына, тіршілік әрекетінің бұзылуына жол бермеу, халықты құтқару және эвакуациялау бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қолданылады. Сонымен қатар бұл жүйеде өрттің таралу аймақтарын есептеу үшін «Пирология» өрттерді мониторингтеу мен болжаудың кіші жүйелері, жоғары, төменгі, шымтезек, қылқан жапырақты және жапырақты параметрлер бойынша есептеулерді қолдануды таңдау жұмыс істейді.

  ТЖМ-де, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде кадрлардың есебі мен қозғалысын автоматтандыру үшін 1C платформасында «Кадрлар» жүйесі енгізілді. Бұл құралдар басшылыққа негізгі көрсеткіштерді жедел бақылауға және өлшенген басқару шешімдерін қабылдауға, министрліктің барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге, жалпы тиімділікті, ашықтықты, жеке ақпаратқа қол жеткізуді және кадр мәселелерін жедел шешу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Сонымен қатар жасанды интеллект базасында қоңырау шалушы абоненттің және зияткерлік көмекшінің орналасқан жерін анықтау мүмкіндігімен «112» Call-орталығын құру жөніндегі бастаманы іске асыру жалғасуда. Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің «112» жобасын іске асыру шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел басқару орталықтарында қолдану көзделеді. Қазіргі уақытта байланыс қызметтерін жеткізушілермен бірлесіп Астана қаласы ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығы базасында пилоттық жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Күтілетін нәтиже төтенше жағдайға тап болған азаматтардан келіп түскен хабарламаларға ден қою жылдамдығын арттыру, халық тарапынан азаматтық қорғау органдарына деген сенімді нығайту болып табылады.

  Халықты құлақтандырудың ұлттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс басталды, бағдарламалық қамтамасыз етудің, республикалық және аумақтық деңгейдегі басқару пультінің толыққанды нұсқасы әзірленді, сирена-сөйлеу құрылғысының техникалық схемасы құрастырылды. Бұл қосымша азаматтардың қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда іс-қимылға дайындығын арттыруда маңызды рөл атқаратын болады.

  Халықты төтенше жағдайлар туралы хабардар ету үшін «112KZ» мобильді қосымшасының демонстрациясы әзірленді, бұл азаматтарды табиғи апаттар, техногендік авариялар немесе әлеуметтік тәртіпсіздіктер сияқты ықтимал қауіптер мен тәуекелдер туралы жедел ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Мұндай қосымша азаматтардың қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

  Сонымен қатар ТЖМ бірқатар «Цифрлық бастамаларды» іске асырды. 2GIS және Яндекс операторларының электрондық карталарында эвакуациялық, жинау және жылыту пункттері орналастырылған. Бұл ТЖ кезінде көмек көрсету орындары туралы халықтың хабардарлығын арттырады, халықты жинау пункттеріне, жылыту пункттеріне және т. б. навигациялық маршруттар салуға мүмкіндік береді.

  Cell Broadcast ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына хабарламаларды жедел жеткізу жүйесін пилоттық іске қосу жүргізілді. Бұл бір уақытта көптеген абоненттерге хабарламаларды жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Желінің шамадан тыс жүктелуіне қарамастан жұмыс істейді, бұл трафиктің жоғары кезеңінде де хабарламалардың сенімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.

  Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында орман алқаптарының жай-күйін нақты уақытта бақылауға мүмкіндік беретін жасанды интелекті бар бейнемониторинг камераларын қолданады. Жүйелер ықтимал өрт белгілерін, түтін басуды автоматты түрде тіркейді және сигналдарды жедел жібереді.

  Сонымен қатар жоғалған адамдарды іздеу үшін жасанды интелекті бар ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) белсенді қолданылады. Олардың көмегімен жоғалған адамдарды іздеу үшін ашық жердің фотосуреттері жасалады, ал алынған суреттер жасанды интеллект арқылы өңделеді. Мәселен биылғы жылдың тамыз айында бірлескен операция аясында жоғалған азаматтарды іздеу үшін жасанды интелект деректерін өңдеумен жетуі қиын жерлерді түсіру жүргізілді. Бұл технология өзінің тиімділігін дәлелдеді және іздеу-құтқару операцияларында тұрақты негізде қолданылатын болады.

  ТЖМ төтенше жағдайларда қауіпсіздік пен жеделдікті арттыру үшін технологияларды дамытуды және цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырылатын болады.

Оқылды 201 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет