Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 11:52

Арамыздағы қаһармандар: шабыт беретін құтқарушылардың әңгімелері

Олар біздің арамызда бар. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары - заманымыздың нағыз батырлары. Олар кәдімгі, қарапайым адамдар, экстремалды жағдайларда әрекет ете отырып, өз өмірін ойламай, біреудің өмірін құтқарады.

  Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Артур Бердашев азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның кәсібилігі мен ерлігінің жарқын мысалы - 2023 жылғы 17 қазанда Оралда өткізілген құтқару операциясы.

  Сол күні бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бесінші қабатта қатты түтін мен ашық жануды байқады. Оның ішінде жас балалар бар екені белгілі болды. Сержант Бердашев жанып жатқан пәтерге кіріп, екі баланы тауып, қауіпсіз аймаққа алып шықты.

  Үйлесімді жұмыс пен жеке құрамның, оның ішінде аға өрт сөндіруші-құтқарушы Артур Бердашевтың батыл әрекеттерінің арқасында 15 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, жедел сөндірілді.

  Батырлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Артур Бердашев «Ерлігі үшін» медалін алды.

  Профессионализм, решительность и мужество Артура стали примером героизма, достойного признания и уважения.

  Сұңғат Жүзболсын - маңғыстаулық құтқарушы, азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2019 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді.

  Өткен жылы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде құтқарушылар табиғи апаттың салдарын жоюға, суды бұғаттауға, халықты эвакуациялауға және жағалауды нығайтуға кірісті.

  Сұңғат өрт сөндіруші-құтқарушылар тобының құрамында Жайық өзенінің жағалауын бекіту және бөгетті нығайту жұмыстарына белсене қатысты. 22 мамырда ол жолдастарымен Жалғансай ауылына кіре берісте түнгі кезекшілікте болды.

Түн ортасында бөгет жарылды. Қауіптің ауқымын сезінген Сұңғат жедел штабпен байланысқа шықты, содан кейін құтқарушылар оқиға туралы әкімдікке хабарлады. Қысқа мерзім ішінде халықты эвакуациялау ұйымдастырылып, бүлінген бөгетті қалпына келтіру жұмыстары басталды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен батылдығының арқасында бөгет қалпына келтірілді, тұрғындар қауіпсіз болды. Сұңғаттың төтенше жағдайдағы әрекетін батыл деп айтуға болады: ол адам өмірін сақтап, елді мекеннің орнықтылығын қамтамасыз етіп, батыл әрі жан-тәнімен әрекет етті.

  Азаматтық қорғау жүйесінде 20 жылдай қызмет етіп келе жатқан азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Құрманбекұлы Райымбеков күн сайын өз ісіне адалдығын дәлелдеп келеді.

 Оның қайсарлығының жарқын мысалдарының бірі 2023 жылғы 20 қаңтарда Тараздағы «Ақсай» базарында құтқару операциясы болды. Өрт кезінде қара түтін айналаны жауып, температура қауіпті деңгейге көтерілгенде Ертай газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын басқарды. Өз өмірін тәуекелге салып, ол және оның командасы жанып жатқан ғимаратқа кірді. Жалыннан Ертай екі әйелді өзі алып шығып, тұтқынға түскен мүмкіндігі шектеулі адамды құтқарып қалды.

  Сондай-ақ, 2024 жылы ол Ақмола облысындағы су тасқыны кезінде құтқару операциясына қатысты. Сол кезде оның басшылығымен 200-ден астам адам эвакуацияланып, суға батқан автокөліктің жүргізушісі құтқарылды. Мұзды суға және денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, Ертай бейтаныс адамның өмірін сақтап қалу үшін суға өзі секірді. Бұл оның батылдығының тағы бір дәлелі болды.

  Қызметтік міндеттерін атқару және адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Құрманбекұлы Райымбеков Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

  «Біздің мамандығымыз әр минутты бағалауға және жылдам әрекет етуге үйретеді, өйткені әр секундта - біреудің өмірі», - дейді подполковник Райымбеков.

  Бұл оқиғалар - әріптестерімізді ғана емес, әрқайсымызды шабыттандыратын нағыз ерлік үлгісі.

  Құтқарушыларды қолдау - адамдардың қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді. Олардың арқасында біз ең қауіпті және болжауға келмейтін жағдайларда да әрқашан құтқарылуға мүмкіндік және жақсылыққа үміт бар екеніне сенімдіміз.

Оқылды 32 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Бывшие студенты военных учебных…

Бывшие студенты военных учебных заведений могут подать заявку на восстановление в учебном…
Мам 06, 2025

Әскери орындарының бұрынғы…

Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына түсу үшін үйден шықпай-ақ оқуға…
Мам 06, 2025

Китай, Россия и Италия — лидеры во…

В 2024 году Казахстан продемонстрировал стабильный рост внешнеэкономической активности,…
Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет