Бейсенбі, 08 Мамыр 2025 10:36

Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар

Алматы облысы Өңірлік коммункикациялар қызметі алаңында 2025 жылғы қаржыландыру мен жаңашылдықтар тақырып аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы ота бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер хирург Айдос Қизатов қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.
2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау саласына 135,7 млрд теңге көлемінде бюджет бөлінді. Оның ішінде 59,2 млрд теңге – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында, ал 76,5 млрд теңге – Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қарастырылған. Бюджет құрылымы өңірдегі медициналық инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың денсаулығын қорғауға негізделген.
2024 жылы Алматы облысында 957 968 тұрғын алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында консультативтік-диагностикалық қызметтерді алған. Бұл қызметтерге 28,2 млрд теңге жұмсалды. Стационарлық көмекке – 34 млрд теңге, күндізгі стационарларға – 900 млн теңге бөлінді. МӘМС аясында ай сайын бірнеше миллион теңгеге дейін жететін жоғары технологиялы операциялар жүргізілуде, жалпы бұл қызметтерге 1,5 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар, медициналық оңалту қызметтеріне сұраныс артып, 2,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге 13,3 млрд теңге қарастырылып, 3,7 млрд теңгеге рецепттер берілді, – деді Тілеухан Әбілдаев.

2025 жылғы 1 мамырдан бастап жедел медициналық көмек көрсету ережелерінің жаңа редакциясы күшіне енді. Өзгерістер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес енгізілді.
Негізгі мақсат – медициналық көмектің жеделдігін, қауіпсіздігін және шалғай өңірлерде қолжетімділігін арттыру. Жаңа талаптарға сәйкес, 4-санаттағы шақыртуларды жұмыс уақытында АМСК мамандары орындайды, мобильді бригадалар бейнетіркегіштермен жабдықталады, ал келу уақыты нақты уақытпен шектелді: 1-санат бойынша – 10 минутқа дейін, – деп мәлімдеді Ержан Сүлейменов.


2024 жылы еліміздің 20 өңірі бойынша 772 медициналық ұйым рейтингтік бағалауға қатысқан. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы – Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жүргізілген рейтинг нәтижесінде өткен жылы ересектерге медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша 84 озық көпбейінді стационардың ішінде үздік үштікке енді.

2024 жылы Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасында 10 000-ға жуық науқас жоспарлы және шұғыл түрде, тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алды.
Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Науқастарға диагностика жасау барысында МРТ, КТ, УДЗ, стационарлық рентген-аппарат, маммография сияқты озық медициналық технологиялар қолданылады. Науқастарға ем-дом сырқат дәрежесіне сай жүргізіледі. Заманауи әдістердің арқасында науқастар отадан кейін аз уақыт ішінде қалыпты жағдайға келеді, - дейді Айдос Қизатов.

Аталмыш медициналық ұйымда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша бастапқы гипертензия, жүрек гипертензиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, бел және омыртқаның басқа бөліктеріндегі диск зақымдануы радикулопатиямен, инсулинге тәуелсіз қант диабеті сияқты диагнозы бар науқастарға және травматология ортопедия, гинекология, жалпы хирургия бойынша түрлі дәрежедегі оталар жасалады.

Оқылды 247 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет