Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025 15:27

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы айқындап берген «Заң және тәртіп» қағидасын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы аумағында 2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында республикалық деңгейде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Абдинур Тасыбаев мәлімдеді.

 


Аталған бағыт аясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысы бойынша 287 полиция қызметкері жұмылдырылып, білім беру ұйымдары және қоғам өкілдерімен бірлескен іс-қимыл жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде облыс бойынша барлығы 2818 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде: 655 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, кәмелетке толмағандардың үлкендердің қарауынсыз түнгі уақытта жүруінің 1680 фактісі тіркелді,буллингке қатысты 16 жағдай анықталды, ұсақ бұзақылықтың 107 дерегі тіркелді, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге байланысты 40 оқиға анықталды.
«Біздің мақсат – тек құқық бұзушылықпен күресу емес, оның алдын алу. Бұл – барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастырып, заң мен тәртіпті қамтамасыз ете аламыз», – деп түйіндеді Абдинур Тасыбаев.

Оқылды 230 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет