Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025 16:27

Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

2021 жылдан бастап Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бұл секторды ірілендіріп, экономиканың толыққанды бөлігіне айналдырудың маңыздылығына бірнеше мәрте тоқталған.

Бүгінде Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт пен 43 ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін) қамтиды.

Креативті индустрия саласында тіркелген субъектілердің жалпы саны – 45 597. Олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада шоғырланған.

Бағыттар бойынша алғанда, ең көп тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері – «халықтық қолөнер» саласында (12 660). Қолөнершілер саны жағынан Алматы (1 976), Астана (1 349), Шымкент (1 254) және Түркістан облысы (969) көш бастап тұр.

Қазіргі таңда Қазақстандағы креативті секторларда 143 600 адам жұмыс істейді. Ең көп еңбек ресурсын қажет ететін бағыттар – IT, сәулет өнері мен сән индустриясы, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, халықтық қолөнер.

Бұл стратегиялық маңызды сала 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Саланы дамытуға бағытталған заңнамалық және институционалдық қолдау шаралары, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ отандық креативті өнімдердің экспортын ұлғайту негізгі басымдықтардың қатарында.

2024 жыл Қазақстанның креативті индустриялар саласы үшін жаһандық серпіліспен ерекшеленді. Еліміз Global Innovation Index-2024 рейтингінде «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға көтерілді. Мұндай оң динамика – жүйелі жұмыстың және мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

Креативті экономиканы дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы қолдау шаралары пакетін әзірледі.

Министрлік алдына қойған алғашқы міндеттердің бірі — креаторларды көлеңкелі экономиканың аясынан шығару болды. Осы мақсатта креативті қызметтің 40 түрі ресми түрде реестрге енгізіліп, арнайы салық режимі белгіленді. Енді бұл саладағы бизнес субъектілері корпоративтік табыс салығынан, жеке табыс салығынан және қосылған құн салығынан толық босатылып, орнына жеңілдетілген біртұтас салық төлейді: жеке кәсіпкерлер үшін — 2–4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін — 8%.

Нәтижесінде, салықтық жеңілдіктердің арқасында креативті индустриялардағы жұмыспен қамтылғандар саны мен тіркелген субъектілер саны 15%-ға, яғни 6 мың бірлікке артты. Бүгінде бұл салада 135 мың адам еңбек етіп, 45 597 бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Креаторларға арналған инфрақұрылым құру — мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық ірі қалаларында креативті хабтар кезең-кезеңімен ашылып жатыр. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Ақтау және Жезқазған қалаларында 12 хаб жұмыс істеуде. 2025 жылы тағы 8 орталықты іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2024 жылы Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі ашылды. Ал Астана қаласында белгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованың есімімен аталатын алғашқы Креативті мектеп өз жұмысын бастады.

2024 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы креативті индустрияны дамытуға бағытталған Заңға қол қойды. Бұл заң креативті саланың әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар нормаларды, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың дарынды тұлғаларға жағдай жасау және өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беру бағытындағы өкілеттіктерін кеңейтуді қарастырады.

Биыл Үкімет креативті индустрияларды дамыту қорын құрады. Аталған Қордың негізгі міндеттері — таланттарды анықтау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді экспорттауға қолдау көрсету.

Қор халықаралық нарықтарға бағытталған креативті жобаларды дамыту үшін түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктерін әзірлеп, байқау негізінде жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар, Бюджет кодексіне және соған ілеспе заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, креативті индустрияны қаржыландыру көздері бекітілді. Енді бұл салаға ұлттық лотерея операторы сатқан билеттердің 3%-ы көлемінде арнайы аударым қарастырылған.

Зияткерлік және шығармашылық әлеуетті қолдау мен оны тиімді монетизациялау – ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Алдағы уақытта креативті индустрия ел экономикасының жаңа серпін беретін маңызды қозғаушы күші болмақ.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Оқылды 210 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет