Бейсенбі, 22 Мамыр 2025 12:11

Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

АИТВ-инфекциясы өршіп тұр. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр әлемде дәл осы дертті жұқтырғандар саны 39,9 млн адамға жеткен. Ең өкініштісі, 630 мың адам ЖИТС-тен қайтыс болған. Ал, Алматы облысында жыл басынан бері АИТВ-инфекциясының 102 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз - мәслихатында белгілі болды.

Мамандар, статистикалық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға азайғанын алға тартуда. Тек кешенді ем-дом шараларының арқасында оң нәтежиеге қол жеткізілген.

«Облыста соңғы бес жылда АИТВ жұқтырған адамдарды антиретровирустық емдеумен (АРТ) қамту 2020 жылғы 70%-дан 2025 жылы 90%-ға дейін артты.Бұл індетпен күресу бойынша жұмыс сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Яғни оң динамика жаңа жағдайлардың азаюы байқалады»,-дейді ШЖҚ «ККМУ» МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлмира Жақанова.
Бүгінгі таңда аймақта АИТВ-инфекциясымен диспансерлік тіркеуде тұрған 2500 науқас бар.
Мамандардың айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жүкті әйелдер ерекше бақылауда болады. Жүктіліктің алғашқы скринингінен бастап жүкті әйелді ЖИТС орталығының гинекологы мен тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) маманы бірлесіп бақылайды екен.

«Жүктілік барысы АИТВ-теріс мәртебесі бар әйелдерге қарағанда айтарлықтай ерекшеленбейді. Жыл сайын АИТВ-инфекциясы анықталған аналардан 95% және одан жоғары антиретровирустық терапияға (АРТ) бейілділік жағдайында туған шамамен 40 сау бала тіркеледі»,-дейді «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК инвекционист дәрігері Саниям Махмутова.

Оқылды 356 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет