Бейсенбі, 31 Шілде 2025 15:18

Ұлттың дәмі – дастарханның сәні ортаға

Өмірде әр адамның өзіндік жолы бар. Ол жол әркімнің таңдауына байланысты.  Кейде сол бір таңдаудың құны – тағдырдың сан-алуан реңге боялуына себеп  болады. Ал боялған рең жарық әрі жарқын болуы немесе сұрғыл түсті болуы да мүмкін. Сонымен бұдан ұғатынымыз, кез келген таңдау – өмірді 360 градусқа өзгертуі мүмкін. Мәселен, мамандық таңдау –  бұл өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Себебі, дұрыс таңдалған мамандық  өмірлік жолды айқындайды.

Жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастаманы жүзеге асыру барысында еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, кәсіби техникалық білім беру жүйесін реформалау, сондай-ақ оны насихаттау міндеттері белгіленді.  Жұ-мысшы мамандығы қоғамда әрдайым сұранысқа ие, оның үстіне  мол тәжіри-бенің арқасында табыстың жоғары болары анық. Жұмысшы мамандығына – электрик, дәнекерлеуші, ұста, құры-лысшы, тігінші, аспаз, саудагер, шаштараз, жүргізуші сынды басқада кәсіптер жатады. Осы орайда, бүгін біз өмірін ұлттық кәсіпге арнаған саудагер  Алия Абдрахманова туралы сөз етеміз.

Алия Абдрахманова қаламыздағы «Тоғжан» базарында ұлттық дәмдерді сатумен айналысады. 1964 жылы дүниеге келген Алия Абдрахманованың саудамен айналысқанына 10 жылдан астам уақыт болған. 2 баланың анасы Алия ханым – үлгілі ана, аяулы жар. Жолдасы зейнеткер. Ұлттық дәмдерді сатуға деген құлшынысына, ата-апасынан алған тәрбиесі себеп болған көрінеді. Өйткені ауылда туып өскендіктен, сиыр сауу мен құрт жасауды, май шайқауды апасынан үйренгенін мақтана айтты. Қазақтың ұлттық дәмін сатуға да осы бір балалық шақтың тәтті  сәттері себеп болған көрінеді.

Саудагердің айтуынша, ұлттық та-ғамдарды сату – ата-бабадан мұра болып қалған әдет-ғұрыптарды дәріп-теумен тең. Ұлттық тағам – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттың мәдениеті мен тарихынан сыр шертер ерекше дәм. Алия Абдрахманова, құрт, ірімшік, жент, талқан, кілегей, ыстық күндері шөл асар салқын көже сатумен айналысады. Сатуға арналған өнімдердің барлығын саудагер өзі жасайды. Тұрақты тұтынушалары да аз емес. Өйткені, Алия Абдрахманова өнімдердің барлығына сапалы сүтті таңдайтынын айтты. Әр тағамды баппен дайындай білу де – өнер екендігін естен шығармаған жөн.  

Оның үстіне, ұлттық өнімдердің адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Мәселен, құрт – кальций мен фосфорға, табиғи ферменттер мен ақуызға бай. Сүйек пен тісті қатайтады, иммунитетті күшейтіп, ас қорытуды реттейтін құрттың да бірнеше түрі болады. Сау-дагерден сұхбат алу барысында, 6 түрлі құрттың дәмін татып көрдік. Алия Абдрахманованың тұтынушылары не себепті «тұрақты» екенінің де себебін білдік. Себебі әр құрттың дәмі ерекше, тұздылығы мен майлылығы  бір мөлшерде жасалған.

Саудагер – ол тек тауар сатушы емес, ол  кәсіпкер, делдал әрі стратег. Қай заманда болмасын, сауда кәсібі қоғам үшін маңызды рөл атқарған. Сау-дагер халықтың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ел эконо-микасының дамуына  да үлес қосады.  Адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сыпайылық пен коммуникацияны, еңбекқорлық пен жауап-кершілікті меңгергені маңызды.  Ал айтылған қасиетттердің барлығы дерлік Алия Абдрахманованың бойында бар. 10 жылдан астам уақыт бір салада қызмет ету үшін адам – өзі жасаған істі сүюі керек.

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 457 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет