Құрылыс – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының айқын көрсеткіші. Осы бағытта жүйелі жұмыс істеп келе жатқан аудандық құрылыс бөлімі – өңірдің сәулеттік келбетін айқындап, инфрақұрылымын жаңғыртуда ерекше рөл атқарып отыр.
Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде «Құрылыс-шылар күні» аталып өтеді. Осы орайда өңіріміздің құрылыс саласындағы жұмыстармен танысу үшін аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Шакеновпен сұхбаттастық.
– Құрметті Қайрат Төленұлы басқарып отыр-ған салаңыздың атқаратын міндетіне тоқталып, жұ-мыстарын баяндап бер-сеңіз?
– Сұрағыңызға рахмет! Құрылыс бөлімнің негізгі міндеті – аудан аумағында жүзеге асатын құрылыс жо-баларын үйлестіру, мем-лекеттік бағдарламалар ая-сында нысандардың бой көтеруін қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс сапасына қадағалау жүргізу. Бөлім ма-мандары жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуден бастап, нысанның толық пайда-лануға берілуіне дейінгі кезеңді мұқият бақылауда ұстайды.
Соңғы жылдары аудан бойынша бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтерді. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, мә-дениет және спорт сала-ларына қатысты жаңа ғима-раттар салынып, халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, елді мекендерде инженерлік-ком-муникациялық инфрақұрылым-ды дамыту, көшелерді абаттан-дыру мен жолдарды жөндеу жұмыстары да қарқын алуда.
Бөлім аудан әкімдігі бекіт-кен даму жоспары негізінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруға баса мән береді. Әсіресе «Ауыл – Ел бесігі», «Жайлы мектеп» және «Өңірлерді дамыту» сын-ды бағдарламалар аясында жаңа нысандардың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
– Ұжымыңызда қанша адам жұмыс істеп жатыр?
– Бөлімімізде 5 адам қыз-мет атқарамыз. Құрылыс саласы – ұқыптылық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы атқару үшін аудандық құрылыс бө-лімінің кәсіби мамандары бірлесіп еңбек етуде. Олар өз ісіне адалдықпен қарап, тұрғындардың әл-ауқатын арт-тыруға септігін тигізетін әрбір жобаның сәтті жүзеге асуына атсалысып келеді.
Алдағы уақытта да бөлімнің басты мақсаты – құрылыс саласын заманауи талаптарға сай дамыту арқылы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасау болмақ.
– Ауданымызда тұрғын үй құрылыстарының жұ-мыстары қалай жүзеге асып жатыр? Қанша жаңа пәтер бой көтеруде?
– Халқымызды тұрғын үймен қамту мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл орайда ауданымызда жыл сайын елеулі еңбектер атқа-рылып келеді. Мәселен Есік қаласындағы 40 пәтерлі 3 үйдің құрылысы аяқталып, осы жылы тұрғын үйлерді «Отбасы банк» арқылы тікелей сату арқылы кезекте тұрған азаматтарға берілді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні Есік қаласында «АРТ – Құрылыс» компаниясы 180 пәтерлі 3 кредиттік үйдің құрылысын жүргізуде, жұмыс көлемі 90% орындалды. 2025 жылдың соңында құрылыс жұмыстары абаттандыруымен бірге аяқта-лады. Аталған жобаның жал-пы құны – 4,6 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, Есік қаласындағы жұмысы тоқтап тұрған 130 пәтерлі 4 үйдің және Шелек ауылында 120 пәтерлі 2 үйдің құрылысын салушы мердігер «Шебер Билд» серіктестігі өз міндеттерін орындамауына байланысты сот процестері жүргізіліп, құры-лыс жұмыстарын қайта бастап жатыр. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
– Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету қажеттілігі айдан анық. Бұл тұрғыда қандай істер атқарылды?
– Сұрағыңыз орынды. Атал-ған шаруа ешқашан назардан түскен емес. 2024 жылы жалпы құны 1 млрд 789 млн теңгені құрайтын,халықтың әлеуметтік осал топтарына 73 тұрғын үй сатып алынды. Алдағы уақытта тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға және несиеге таратылатын болады. Ал, 2025 жылға тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан 181 тұрғын үй сатып алу үшін жалпы 2 млрд 932 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Айта кетелік, халықты баспанамен қамту үшін – Тескенсу ауылына 35 гектарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерін салу жұмыстарын жүргізу мақсатында осы жылға 600 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер «DSM Provide» компаниясымен келісім-шарт жасалды. Аяқталу мерзімі 2026 жыл деп отырмыз. Мұндай жобалар Ақши, Шелек, Алға, Қайназар ауылдарында сәтті жүзеге асты.
– Ауданымызда бала-ларға жайлы мектеп ұсы-на алмай жатқан ауылдар бар. Осы орайда білім ошақ-тарының құрылысынан мәлімет берсеңіз?
– Ғимараттары сын көтер-мейтін мектептер бары рас. Ол мәселелер үкімет назарынан түскен емес. Сол, себепті де кезең-кезеңімен жылда жаңа мектептердің қатары көбейіп жатыр. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауда-нымызда 4 мектептің құры-лысы жүргізілуде. Аталған білім ошақтары 2025 жылдың жаңа оқу жылында қолданысқа беру жоспарлануда.
Атап айтсақ, Сатай ауы-лында – 900, Ащысай ауылында – 600, Алмалы ауылында – 600, Қаражота ауылында – 300 орындық мектептер бой көтеріп жатыр.
Сондай-ақ, Төле би ауы-лына 450 орындық орта мек-тептің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары 90% аяқталды. Мердігер мекеме «EC ENERGY Qazaq-stan» ЖШС. Ол мектеп те 2025 жыл-дың жаңа оқу жылына қол-данысқа беру жоспарлануда.
– Есік қаласындағы Абы-лай хан атындағы орта мектептің күрделі жұмыс-тары күрделеніп кеткені мәлім. Ол білім ғимаратынан қандай жаңалық бар?
– Иә, сіз айтқан білім ошағы белгілі себептермен тұралап қалған еді. Қазіргі таңда Абылайхан атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары-88% аяқталды. Мердігер мекеме «КазЕвроСтрой» ЖШС. 2025 жылдың жаңа оқу жылына қарсы қолданысқа беріліп қала-ды.
Сонымен қатар, Есік қаласында Сатпаев және Жаңашар ауылында Рысқұлов атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2025 жылдың оқу жылына тамыз айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
– Бөліскен жаңалықтары-ңыз жағымды екен. Денсау-лық сақтау саласына ойыс-сақ. Бұл орайдағы аудан көлеміндегі жұмыстармен бөліссеңіз?
– 2024 жылы Тескенсу ауы-лында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құры-лысы басталып, қазіргі таңда іргетасы мен жертөлесін құю жұмыстары аяқталып, керегелерін кірпішпен қалау жұмыстары жүріп жатыр.Жал-пы құны – 918 млн тенгені құрайтын жобаның мердігер мекемесі «Техноснаб» ЖШС. Аталған құрылыс жұмыста-рын жыл соңына дейін аяқтап қолданысқа беру жоспарла-нуда.
Қайыпов ауылына дәрігер-лік амбулатория салуға жоба-лық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан оң қорытындысы шықты. Құрылы-сына 495 млн теңге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім бері-леді.
– Тың ақпараттармен бөлісіп, сұхбат бергеніңіз-ге рахмет. Кәсіби мереке-леріңізбен!
Тілдескен
Ринат НАРХАНОВ.