Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 10:23

Өнімі мол өңірдің өрісі кең

Әкімдердің басқарып отырған өңірімен етене таныс болуы, халықтың талап-тілегіне құлақ асуы – мемлекеттік саясаттың басты талабы болып табылады. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бірінші жартыжылдықта тұрғындармен есепті кездесуі бойынша біздің ауданымызға ат басын тіреді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық бағдары мен беталысын бағамдады. Аймақ басшысы сапар барысында алдымен аудандағы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және өндіріс саласындағы бірқатар маңызды нысанды аралады.

Ең  әуелі  Марат  Елеусізұлы  Қазақ ұлт-тық аграрлық зерттеу университетінің оқу-тәжірибе шаруашылығындағы селекциялық жүгері алқабының тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс әкіміне университет ректоры Ақылбек Күрішбаев  халықаралық серіктестермен  бірле-сіп сынақтан өткізіп жатқан жаңа тұқымдарға сипаттама жасады. Сонымен қатар қожалық жетекшісі жүгері дақылын өсірудің озық техно-логиясына да кеңінен тоқталды. Содан кейін аймақ басшысы Саймасай ауылындағы «Айдарбаев» шаруа қожалығына барып, мал және балық шаруашылығына арналған түйіршіктелген құрама жем өндіру желісінің жұмысымен танысты. Қайнар ауылындағы «Есік жеміс консерві зауыты» ЖШС-нің өнім шығару процесін көріп, кәсіпорынның экспорттық әлеуетін талқылады. Сондай-ақ Қырбалтабай ауылдық округіндегі «Агро Балтабай» ЖШС-не барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жұмыстарымен танысты.

Келесі кезекте облыс басшысы Ащысай ауылында жаңадан бой көтерген спорт сарайында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиында атқарылған жұмыстар, алға қойған жоспарлар кеңінен баяндалып, жеке тұлғалардың көкейіндегі өзекті мәселелерге де жауап берілді. Кездесуді облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев жүргізді.Онда  биылғы жылдың  алты айында атқарылған жұмыс-тар жан-жақты сараланды.

Аудан әкімі Талғат Байеділовтің  есебінше, ауыл шаруашылығы – халықтың жұмыспен камтылған ең ірі секторы. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33,1 млрд  теңгені құрап, нақты көлем индексі 102 пайызға жеткен.

Ауыл шаруашығының  бар-лық саласында өсім байқалған. Айталық, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы мал басы 123 мың басқа көбейіп, 44 пайызға артқан. Сондай-ақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 158 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102 пайызға артқан. Сонымен қоса 2025-2027 жылдар аралығында құны 177 млрд теңге болатын 19 жоба іске асырылмақ.

Білім беру саласында да жаңалықтар көп.  Ауданымыз-да «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 білім шаңы-рағының құрылысы аяқталуда. Жаңа оқу жылына Қаражота, Алмалы мектептері ашылса, Сатай, Ащысай ауылдарында қазан айында пайдалануға беріледі. Өз баяндамасында  Талғат Ескендірұлы жол жөн-деу, сапалы  ауызсумен қамту, денсаулық сақтау, газдандыру сынды тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстардың да қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті.

Аудан әкімінің баяндамасын тыңдаған соң, облыс басшысы биылғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен ал-дағы игі істердің жоспарын баяндады.

– Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыстың қысқа мерзімді экономикалық индексі 110,8 пайызды  құрап, жалпы өнім көлемі 1,5 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнді-рісі 7,4 пайызға өсіп, 1,15 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруа-шылығы өнімі 3 пайызға  артып, 224,2 млрд теңге болды. Сауда көлемі 19,4 пайызға  өсіп, 856,6 млрд теңгеге жетті. Құрылыс саласында 30,6 пайыз өсім тіркеліп, 621,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Инвестиция тарту бағытында жалпы құны 6,6 трлн теңгені құрайтын 229 жоба іске асырылуда, олардың аясында 68,5 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Үлкен Алматы айналма жолы маңындағы ірі шетелдік және отандық жобалар өңірдің инвестициялық хабқа айналуына мүмкіндік беруде. Агроөнеркәсіп кешенінде Алматы облысы өрік өндірісі бойынша республикада бірінші, ал ет өндіруде көшбасшы болып отыр. Еңбекшіқазақ ауданы сүт өндірісі бойынша облыста алдыңғы орында. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауданда 31 жоба қаржыланды-рылып, ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту жұмыс-тары жүргізілуде. Туризм саласы да жанданып келеді. Жыл басынан бері облысқа 949 мың турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен са-лыстырғанда 27 пайызға  көп. Еңбекшіқазақ ауданы экотуризм мен альпинизмді дамы-туға қолайлы өңірдің бірі ретін-де айқындалды, – деді облыс басшысы.

Марат Елеусізұлының айтуынша, ауыл шаруашылығында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жиын-терім жұмысын қатаң қадағалап, дәнді да-қылдардың жоспарланған кө-лемде толықтай жиналуын қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығын дамытуда ең өзекті проблеманың бірі – машина-трактор паркінің тозуы болып саналады. Мәселен, аудандағы техникалардың 40 пайызға  жуығы  жаңартуды талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, техника паркін жаңарту көрсет-кішін қазіргі 4,4 пайыздан 9,5 пайызға дейін арттыру қажет. Сондықтан облыс басшысы              ауыл шаруашылығына көп кө-ңіл бөлу керектігін ескертті.

Аталған  кездесуде жинал-ған халық әкімдердің баяндамасын бастан-аяқ сабырмен тыңдаған соң, ретімен облыс басшысына сұрақтарын қойды. Ақши ауылынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Асыл Шоқпар кезінде жеке меншікке өтіп кеткен  Мәдениет үйін мемлекет меншігіне алуды өтінсе, Бөлек ауылдық округінің  тұрғындары  көгілдір отынмен қамтуды және Аймен – Бөлек – Есік арасындағы тас жолды жөндеуге көңіл аударуды сұрады. Өзге де елдімкендерде шағын емхана мен спорт кешендері  қажет екені айтылды. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған Марат Елеусізұлы аудан әкімі мен  басқарма басшыларына  тиісті тапсырма беріп, аталған түйт-кілдердің оң шешімін табуға күш салуды тапсырды.

Кездесу қорытындысында 2024-2026 жылдарға арналған ауданның проблемалық мәселелерін кезең-кезеңімен шешу жоспары таныстырылды.  Бү-гінде өзекті 224 мәселенің 22-сі орындалып, жыл соңына дейін тағы 28-і шешімін таппақ. Облыс  әкімдігі алдағы уақытта да өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыс-тарды жалғастырады. Сонымен қатар Марат Елеусізұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтінштеріне де құлақ түрді.       

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 31 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет