Жұма, 07 Қараша 2025 15:54

Өлмейтұғын артына із қалдырған

Ел ішінде мәдениетіміздің кең өріс алуына сүбелі үлес қосқан майталмандар аз емес. Сондай шоқтығы биік тұлғалардың бірі ақ жарқын мінезімен, өнерге деген асқан адалдығымен есте қалған, жыршы, сазгер «Ел ардақтысы», «Мәдениет майталманы» медальдарының, өзге де көптеген жоғарғы марапаттардың иегері Тоқтасын Әбілезов еді. Жуырда Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде аудандық мәдениет ардагерлерінен құрылған «Саңлақтар» бірлестігі және Қаракемер мәдениет үйі ұжымының бірлесуімен Тоқтасын Әбілезовті еске алуға арналған  «Домбыра – досым» атты әуезді-сазды шығармашылық кеш өтті. Аталған мәдени-сазды кеш Т.Әбілезовтің атындағы «Айтыс, жыр-терме» орталығының 3 жылдығын қамтыды.

 

Танымы терең шараға ауданымыздағы зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты. Сондай-ақ Тоқтасын Әбілезовтің жары Оразбике Сәрсекқызы мен ұл-қыздары да ортамыздан табылды. Мереке шымылдығы Қаракемер мәдениет үйінің қызметкері Ұлан Қали жетекшілік ететін «Кемер сазы» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен ашылды. Тоқтасын Әбілезовтің өнегеге толы өмірбаяны оқылып, көпшілік өнердің өр тұлғасын 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар сазгердің ұлы, танымал әнші Естай Әбілезов Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әкесінің әні «Домбыра – досым» атты туындыны орындады. Концерттік бағдарламада Тоқтасын Әбілезовтің өшпес әндері әуеледі. Сонымен қатар «Саңлақтар» мәдениет ардагерлері мен Қаракемер мәдениет үйінде өнерлерін шыңдап жүрген жас өрендер  сазды ән мен күйлерді, отты жыр-термелерді, Т.Әбілезовке арналған арнауларын шырқады. «Айтыс жыр-терме» үйірмесінің жетекшісі Даубай Әбдісайұлының шәкірттері айтыс өнерін де ортаға салды.

Өз кезегінде Алматы облыстық халық шығармашылығы орта-лығынан, атаулы шараға қолдау білдіре келген Әбіш Әділбекұлы өнерлі жастарға зор шығармашылық табыс тіледі. Т.Әбілезовтің мәдениетіміз бен қазақ өнері үшін атқарған орасан еңбектері әңгімесіне негіз болып, ауқымды кешке атсалысқан барша жанға алғысын жеткізді. Ауқымды шараға үлесін қосқан мәдениет өкілдері мен өнерлі жастарға марапаттар табыс-талды.

Қаракемер мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекқызы:

– Тоқтасын Әбілезов ағамыздың қазақ өнеріне сіңірген ұшан-теңіз еңбегінен бөлек, ол кісінің өмірдің қаншама қиындықтарын жеңе білген тұлғалығын жастарға үлгі ету керекпіз. Бүгін сол бір үлкен мақсатымызға қол жеткізгендей болдық. Концертіміздің өтуіне мұрындық болып, қолдау көрсеткен Еңбекшіқазақ өнер ардагерлері «Саңлақтар» ұйымы үлкен демеушілік жасады. Шарамызда өнер көрсеткен әр өнерпазға, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлының Алғыс хаттары табыс етілді. Артына өнерімен өнегелі із қалдыра білген аяулы тұлғаның ән-жырлары, термелері мәңгі жадымызда – дей келе, игі шараның өтуіне атсалысқан барша өнер иелеріне, саңлақтарға, Тоқтасын ағаның отбасына алғысын білдірді.

 

Ринат НАРХАНОВ

Оқылды 207 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет