Жұма, 07 Қараша 2025 15:57

Үстемдік техникада

Жаңа технологияларды игеру, компьютерді жетік меңгеру – заман көшінен қалмаудың негізгі қарекеті. Бұл орайда ел билігі де ІТ саласының мамандарына жақсы мүмкіндіктер жасап келеді. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» дегендей, ХХІ ғасыр адамының білімі қарыштап дамыған технологияға негізделіп отыр. Бұрынғылар «сауатсыз» деп хат танымайтын адамды атаса, бүгінгі әлем мен түсінік мүлде басқа. Технология көшіне ілесе алмаған ел де, адам да қараңғыланып қала бермек. Себебі кез-келген жұмыс технологияларға тәуелді боп келеді. Елімізде 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерінің күні. Бұл кәсіби мерекенің цифрлық трансформацияны жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлер, IT-кәсіпкерлер және IT нарығының қатысушылары үшін маңызды екенін айта кеткен жөн. Осындай күннің аталып өткені – еліміздегі цифрландыру ісін ілгерілетуге өз үлесін қосып келе жатқан кәсіби мамандарға серпін берері анық. Бүгінде бұл саланың қызметкерлері – барлық дерлік салалардағы трансформация драйверлеріне айналғанын атап өтуіміз керек. Тағы бір атап өтетіні, қазіргі еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие мамандық та – осы. Соған сай біз ІТ саласының кәсіби маманы,  қазіргі таңда «Qazpost Digital» компаниясында транзакциялық жүйелер әзірлеушілер тобының басшысы болып қызмет атқаратын Нұрсұлтан Еркөбековпен сұхбат құрдық.

– Қазақстандағы цифрландыру саясаты қаншалықты дамуда?

– Цифрландыру саясаты Қазақстанда соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл бағыт елдің экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді. Еліміздің цифрландыру саясатына жақсы назар аударылып жатыр деп ойлаймын. Оған дәлел жақында ғана құрылған жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы даму бағыттарын бірнеше Жолдауында, соның ішінде 2024-2025 жылдары, нақтылап айтты. Мұндағы мақсат – цифрлық «күшке» қарап мемлекет мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстанды Еуразиядағы цифрлық хабқа айналдыру. Және де ақпараттық технологиялар мамандығына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттар саны әрдайым басқа мамандықтардан көбірек. Қуантарлығы біздің елдің жастары бұл саланы меңгеруге өте қабілетті келеді. Болашақта осы бағыттан таймасақ жетер жетістіктеріміз көп болмақ.

– Бұл салаға қызығушылық танытып жүрген жастардың көп болғаны қуантады әрине. Жас мамандарға ІТ саласында жетістікке жету үшін қандай маңызды қасиет керек?

– Барлық сала өздігінше дамып жатқаны сөзсіз, алайда IT саласы күннен-күнге түрленіп, сәт сайын үдерісте келеді, сол себепті ең әуелі оң жамбастан келетін саланы нақтылап алу. Тұрақты ізденіс және жаңашылдық қажет.

Нақтырақ айта түссек, біріншіден негізді мықты меңгеру қажет. Кез келген мамандықтың іргетасы – білім. Ал ІТ саласында бұл – бағдарламалау тілдері мен алгоритмдерді жетік білу. Python, Java, C#, JavaScript сияқты тілдердің негізін игеру жас мамандарға үлкен мүмкіндік береді. Теорияны меңгерумен қатар, оны нақты жобаларда қолданып үйрену де аса маңызды. Екіншіден, үздіксіз оқуға дағдылану. Ақпараттық технологиялар әлемінде өзгеріс жылдам жүреді. Бірнеше ай бұрын өзекті болған құрал немесе бағдарлама бүгінде ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан ІТ маманының басты қағидасы – үнемі оқу, жаңашылдыққа ұмтылу. Қазіргі таңда онлайн білім беру платформалары (Coursera, Udemy, Stepik, т.б.) арқылы заманауи дағдыларды меңгеру мүмкіндігі зор. Үшіншіден, тәжірибені арттыру. ІТ саласында теориядан гөрі тәжірибе маңыздырақ. Сол себепті жас мамандар өз бетімен жоба жасап, GitHub платформасында жеке портфолио қалыптастырғаны жөн. Бұл болашақта жұмыс беруші алдында өз қабілетін дәлелдеудің тиімді жолы. Төртіншіден, командалық жұмысқа бейімделу. Қазіргі ІТ жобалар ұжымдық еңбекті талап етеді. Коммуникация дағдыларын жетілдіру, пікір алмасу мен ортақ мақсатқа ұмтылу – табысты маман болудың басты көрсеткіші. Agile және Scrum сияқты жобаны басқару әдістерін меңгеру де артықтық етпейді. Бесіншіден, ағылшын тілін меңгеру. ІТ саласындағы негізгі әдебиеттер мен нұсқаулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінде жазылады. Сондықтан бұл тілді жетік білу – кәсіби деңгейдің кепілі. Ағылшын тілін игеру шетелдік компанияларда тәжірибе жинауға және халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Негізгілеріне тоқталып отырмын. Қабілетті шыңдау жолында барлық мүмкіндікті жасау қажет.

– Сіздің ойыңызша ақпараттық технологиялар адам өмірін қалай өзгертті?

– Осыдан 10-15 жыл бұрынғы өмірімізді еске түсірейікші. Адамдар коммуналдық қызмет түрлерін поштада төлейтін, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын сонар кезек, ауруханада да солай еді. Көп нәрсені аяғымызды тоздырып жасайтынбыз. Қазір қолыңыздағы ұялы телефон арқылы үйіңізде отырып-ақ көп жұмысты атқарасыз. Бұл бюрократиядан ажырауымызға үлкен септігін тигізді. Ақпаратқа қолжетімділік артты дегенмен, ақпараттың тым көптігі қолданушылар арасында түсініспеушіліктерді тудырып тұрады. Сол үшін де қазіргі таңда ақпаратты жеке сүзгіден өткізу үшін сыни ойлау қабілеті маңызды болып тұр.

– Мемлекетімізде бұл саланың маңыздылығын түсініп, жақсы қарқынмен дамып жатқанын айтудамыз. Нақтырақ айтқанда қай салада цифрландыру қарқыны жоғары деп есептейсіз?

– Барлық сала цифрлық жүйенің қызығын көріп жатыр деп сеніммен айта аламын. Олардың ішінде қаржы секторы, мемлекеттік қызметтер және логистика секілді салаларда қарқын жоғары. Неге десеңіз күні кеше Kaspi банк «Alaqan Pay»-ді таныстырды, «eGov» жүйесі жақында тың жаңалықтармен жаңарды және «JanaPost» арқылы Қытайдан тауар тасымалын кез-келген адам жасап үйреніп жатыр.

– Программист пен киберқауіпсіздік маманының айырмашылығы неде?

– Программисттер бағдарламаны әзірлесе, ал киберқауіпсіздік мамандары сол жасалған ақпараттық жүйелерге, базаларға қолжетімділіктің болмауын бағдарлама кодын тексеру арқылы қадағалап отырады. Себебі керемет жұмыс жасайтын бағдарламаның да ескерілмей немесе мән берілмей қалған «қуыстары» болуы әбден мүмкін. Ал бұл өз кезегінде корпоративтік немесе мемлекеттік құпия ақпараттардың қолды болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

– Қазір елімізде қандай IT мамандықтарға сұраныс жоғары?

– Өз байқауымша жасанды зердеге (ЖИ) байланысты Data Engineer, AI/ML developer сияқты мамандықтарға сұраныс өте жоғары және ол сұранысты жабатын мамандар біршама уақыт жеткіліксіз болады.

– Жасанды интеллект болашақта адамның орнын баса ала ма?

– Әрине жоқ, ол нақты салаларда жақсы нәтижелер көрсеткенімен адамның жіті қадағалауын талап етеді, себебі галлюционация эффекті (айну) әлі де тоқтамады. Адамның өзінен қателіктер кететіндіктен технологиядағы қателіктер болуы шартты құбылыс. «Жасанды зерде дамыған сайын адамдар жұмыссыз қалады» деген әңгімелердің өршіп тұрғаны белгілі. Себебі ЖИ барлық салаға біртіндеп еніп келе жатыр. Адамдардың орнын басып жатқан салалар да жоқ емес. ЖИ ескі жұмыс орындарын қысқартқанымен, жаңа бағыттар мен кәсіп түрлерін тудырады. Адам мен ЖИ – бәсекелес емес, серіктес. 

Дегенмен қазіргі жастардың табиғи жолмен ізденіп білім алмауы, өз миымен ойланбауы болашағымызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі, бұрын оқушы, студент кітап оқып, тапсырмаларды кітапханада отырып орындайтын. Қазір телефонға жүктеп дайын материалды мұғалімге ұсына салады. Білім алушы жастардың дайын асқа тік қасық болмай, өз күштерімен ізденіп, оқығаны абзал еді. Жасанды интеллект – тиімді құрал, бірақ оны толықтай сеніп, ойсыз пайдалану қауіпті. ЖИ-і идея алу, талдау жеңілдету, ақпаратты жүйелеу үшін ғана пайдалану, көмекші құрал ретінде қолдану ең тиімді әрекет. Ал, басты шешім мен ой қорытындысын адам өзі жасауы тиіс.

– Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қаншалықты өзекті?

– Өте өзекті, себебі ақпарат ол осы заманның «мұнайы» болып тұр. Қарапайым мысал «Tik-Tok», «You tube» желілеріндегі жарнамалар ұсынысы, олар сіздің қызығушылығыңызға өте жақын жарнамаларды ұсынады. Және де ЖЗ өршіп тұрғанда жеке деректерге қол сұғу қаупі жоғарылау ықтималдығы бар.

Бұл саланың қарыштап дамуына байланысты, алаяқтардың арбауына түсіп жатқан жандардың көп болып жатқаны өкінішті. Бұл ретте адамдар құпиясөздерді өте оңай қылмау қажет және 2 деңгейлі аутентификация өте сенімді қорғаныс. 2 деңгейлі қорғаныс қосылған болса сіздің құпиясөзіңізді біреу білсе де еш қауіп төндіре алмайды.

Цифрландырудың кеңеюі бұған тікелей себеп болып отыр. Электронды үкімет, онлайн-банкинг, мобильді қосымшалар, бұлттық жүйелер – барлығы дербес және корпоротивтік деректердің ғаламторға шығуын көбейтті. 2024 жылы әлемде кибершабуылдар 30 пайызға артқан. Ал, Қазақстанда ІІМ дерегінше жыл сайын мыңдаған фишинг және кибершабуыл тіркеледі. ЖИ кибершабуылдары автоматтандырып, жалған ақпарат таратуды жеңілдетіп отыр.

Елімізде «Киберқалқан – 2025» бағдарламасы жүзеге асуда. Оның мақсаты – ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қорғау және деректер қауіпсіздігін күшейту. «Мемлекеттік техникалық қызмет» және СЕRT-KZ кибершабуылшыларды анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органдар мен банктерде ақпараттық қауіпсіздік аудиті, қорғалған байланыс арналары, электрондық қолтаңба жүйесі енгізілген.

Бұл мәселенің шешімі – ұлттық деңгейде киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды көбейту және заңнаманы күшейту қажет. Ұйымдарда резервтік көшіру, антивирустық жүйелер, қызметкерлерге киберсауаттылықты оқыту. Жеке деңгейде күрделі пароль қолдану, бейтаныс сілтемелерді ашпау, екі факторлы аутентификацияны пайдалану керек.

Ақпараттық қауіпсіздік — тек ІТ саласының емес, ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі. Әлем цифрлық соғыстар кезеңіне жақындап келеді, сондықтан әрбір мемлекет пен азамат деректерді қорғауға саналы түрде мән беруі қажет.

– Алдағы бес жылда IT саласында қандай жаңа бағыттар дамиды деп ойлайсыз?

– Жасанды зердеге ақпаратты жинау, өңдеу, оқыту және бағдарламалау салалары. Бұл қатарға әрине ақпараттық қауіпсіздікті қосуға болады. Сонымен қатар менің ойымша атомдық өнеркәсіпте де автоматтандыру бағыттары дамуы тиіс, себебі елімізде бір емес екі АЭС салынғалы жатыр.

– Болашақта жасанды интеллект, Big Data, блокчейн сияқты технологиялар қай бағытта қолданылады деп ойлайсыз?

– Негізінен қазіргі таңдағы ChatGPT, Google Gemini сияқты әлемдік алпауыт ЖЗ өздері шығынға жұмыс жасап келеді, сол себепті ЖЗ әзірлеушілері блокчейн технологияларына назар аударуда. Ол дегеніміз кез-келген видеокартасы бар жеке тұлға ЖЗ әзірлеушілеріне видеокартасын жалға беру арқылы табыс таба алады, сәйкесінше ЖЗ-мен айналысқысы келген тарап жалға қолжетімді бағаға жеке тұлғалардан алуға мүмкіндіктері болады. Бұл өте тиімді оптимизация болар еді. Ал ЖЗ көбісіне нақтылықты қажет ететін және күнделікті шаруаларға қолданылады деп ойлаймын, ол әсіресе үлкен өндіріс ошақтарында өзекті. Big Data өз кезегінде уақыт өте келе жиналған ақпараттар негізінде маңыздырақ шешімдер қабылдауға қолданады деп ойлаймын. Мысалы, адамға ота жасау барысында сол кездегі ситуацияға сәйкес келесі әрекеттерге шешімдер қабылдау.

– Қазіргі таңда жас балаларымыздың үнемі ұялы телефонға телміруі технологияны меңгеруге әсер ете ме?

– Бұл сұрақ қазіргі қоғамның асқынған дерті болып отырғанын жақсы білеміз. Өз басым баланың бей-берекет телефон ойнауына қарсымын. Тек ойындар мен видеоларды тамашалау білімін жетілдруге әсер етпейді. Барлығы орынымен, ізденіспен болса құба-құп.

Смартфон  баланың ойыншығына айналғаны дұрыс емес. Жасына жетпей бар уақытын телефонға сарп ететін балаға қауіп көп екені анық.

– Кәсіби мерекеңізбен тағы да құттықтаймыз, сұрақтарымызға нақты әрі түсінікті жауап бергеніңіз үшін рахмет!

 

Сұхбаттасқан

Ринат НАРХАНОВ

Оқылды 27 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет