Жұма, 30 Қаңтар 2026 16:02

Мемлекеттік қызметке адал еңбек

1994 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанынан мемлекеттік қазынашылық жүйе құрылып, елдің қаржы саясатын іске асыратын маңызды институт ретінде қалыптасты. Бұл оқиға мемлекеттік бюджетті атқару ісінде жаңа кезеңнің басталуына жол ашып, қаржы тәртібі мен ашықтықты қамтамасыз етудің берік негізін қалады. Қазынашылық жүйесі жылдар өте келе мемлекеттік басқарудың сенімді тетігіне айналып, кәсіби мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі арқылы нығая түсті.

Осы жүйенің қалыптасуы мен дамуына алғашқы кезеңнен бастап өз еңбегін арнаған мамандардың қатарында Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы Джамашева Гүлмира Әшірбекқызы бар. Ол қазынашылық жүйесі құрылған уақыттан бері осы салада үздіксіз қызмет атқарып, мемлекеттік қаржы жүйесінің орнығуына және дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Гүлмира Әшірбекқызы – мемлекеттік қазынашылық саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан, кәсібилігі мен жауапкершілігімен танылған басшы. Оның еңбек жолы қаржылық тәртіпті сақтау, бюджет қаражатының ашықтығы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарымен ерекшеленеді. Қызмет барысында дәлдік, ұқыптылық және заң талаптарын мүлтіксіз орындауды әрдайым басты қағидат ретінде ұстанып келеді.

2017 жылдың маусым айынан бастап Гүлмира Джамашева Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасын басқарып келеді. Осы кезеңде басқарманың қызметі біріздендіріліп, жұмыс үдерістері жетілдірілді, қаржылық операциялардың уақтылы әрі сапалы жүргізілуіне тұрақты жағдай жасалды. Басшының мол тәжірибесі мен салмақты басқарушылық ұстанымы ұжым жұмысының нәтижелілігін арттыруға оң ықпал етті.

Басшылық қызметінде Гүлмира Әшірбекқызы талапшылдық пен адамгершілікті қатар ұстанады. Ол әрбір қызметкердің еңбегін бағалап, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетеді. Ұжым ішінде өзара сыйластық пен жауапкершілікке негізделген ынтымақтастық қалыптасқан. Жас мамандар үшін ол – тәжірибесі мол тәлімгер, ал әріптестері үшін сенімді әрі әділ жетекші.

Бюджеттік заңнаманы терең меңгеруі, мол тәжірибесі мен жоғары жауапкершілігі оның ұжым ішінде де, сондай-ақ қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер арасында да беделін арттыра түсті. Бүгінде басқарманың тұрақты әрі тиімді қызметі – осы жүйелі еңбектің нақты нәтижесі.

Джамашева Гүлмира Әшірбекқызының еңбек жолы мемлекеттік қызметке адалдықтың, кәсіби мәдениеттің және жауапты еңбектің жарқын үлгісі болып табылады. Оның қызметі ауданның қаржы жүйесінің тұрақты дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік басқару саласында еңбек ететін жас мамандар үшін өнеге болып қала береді.

Л.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік қазынашылық басқарма

басшысының орынбасары.

Оқылды 83 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Центр спасает краснокнижных животных Көңілді қыс »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет