Жұма, 30 Қаңтар 2026 16:09

Болашақ ғалымдар авторлармен кездесті

Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте «Білім көзі – кітапта» тақырыбында «Жаратылыстану» пәндер  апталығы  аясында ерекше іс-шара өтті. Мақсат – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту және сапалы әдебиеттің маңыздылығын түсіндіру.

Шараны георафия пәнінің мұғалімі Гүлнара Абубакірова ұйымдастырып, жүргізді. Кездесуде мектеп директоры Алия Азнабакиева келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Бұл жолғы кездесудің басты қонақтары – жаратылыстану-математика бағытындағы оқулықтар мен ғылыми-танымдық еңбектердің авторлары болды. Атап айтсақ, Абай атындағы мемлекеттік университетінің ұстаздары Салтанат Әбілмәжінова, Абдиманапов Бахадурхан.

Кездесу барысында авторлар оқушыларға күрделі формулалар мен теориялардың артында қандай қызықты оқиғалар жатқанын айтып берді. Әсіресе, химия және биология, география саласындағы жаңалықтардың кітап бетіне қалай түсетіні туралы әңгіме оқушыларды ерекше қызықтырды. 

«Кітап – бұл жай ғана ақпарат көзі емес, ол – ғалымның көпжылдық тәжірибесі мен ізденісінің жемісі. Жаратылыстануды сүю үшін алдымен оны түсіну керек, ал түсіну кітаптан басталады», – деп атап өтті қонақтардың бірі. Іс-шара еркін форматтағы сұрақ-жауап түрінде өтті. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген маңызды мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Кездесу соңында ауыл ақсақалы, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген Алпысбай Ақылбекұлының «Байырғы қазақтың болмысы, тыныс-тіршілігі» атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға таратылды.  Бұл кездесу оқушылар үшін тек білім алмасу ғана емес, сонымен қатар үлкен мотивация болды. Енді мектеп дәліздерінде «Кітап – білім бұлағы» деген сөз жай ұран емес, әр оқушының іс-әрекетіне айналары сөзсіз.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА,

тарих пәнінің мұғалімі

Оқылды 75 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көңілді қыс «Сказке живой природы» – 20-лет »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет