Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа Конституцияның алғашқы жобасын ел дамуының жаңа кезеңіне сай жасалған маңызды құқықтық құжат деп санаймын. Бұл жоба мемлекеттік басқаруды жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтуға бағытталған нақты шараларды қамтиды. Конституцияның жаңартылған нұсқасы еліміздің демократиялық дамуын тереңдетіп, қоғамдағы әділеттілікті күшейтуге ықпал етеді.
««AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы»
РАХИМОВ Багдат Болатович



