Ғылыми шығармашылық еркіндікті конституциялық деңгейде бекіту – зияткерлік әлеуетті арттырудың стратегиялық бағыты. Еркін ғылыми орта қалыптасқанда, зерттеулердің сапасы артып, инновациялық бастамаларға жол ашылады. Бұл елдің технологиялық және экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Ғылымның саясаттан және өзге де ықпалдардан тәуелсіз дамуы – оның нәтижелілігінің басты шарты. Ғылыми еркіндік қамтамасыз етілген жағдайда, зерттеушілер өз идеяларын батыл ұсынуға және жаңа бағыттарды дамытуға мүмкіндік алады. Бұл ұлттық ғылымның халықаралық беделін арттырады.
Ыбырайұлы Рахат,
Мәдениет саласының қызметкері



