Азаматтардың 27 ақпаннан бастап сайлаушылар тізімімен танысу мүмкіндігі – ашықтық пен жариялылық қағидаттарының нақты көрінісі. Бұл қадам әрбір азаматқа өзінің деректерінің дұрыс енгізілгенін тексеруге, аты-жөні, мекенжайы немесе сайлау учаскесі бойынша ақпараттың сәйкестігін анықтауға жағдай жасайды. Мұндай мүмкіндік қоғамның сенімін арттырып, сайлау үдерісінің әділ әрі айқын өтуіне негіз қалайды.
Тізімдерді алдын ала нақтылау – әр дауыстың есепке алынуына берілетін кепіл. Себебі деректердегі қателіктер дер кезінде түзетілсе, азаматтардың дауыс беру құқығы толық көлемде жүзеге асады. Бұл – тек техникалық рәсім емес, конституциялық құқықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Сонымен қатар, тізімдермен ерте танысу арқылы азаматтар өз белсенділігін танытып, сайлау мәдениетін нығайтады. Әр адамның тізімде болуы – оның ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Сондықтан мұндай ашықтық шаралары демократиялық процестің сапасын арттырып, нәтижесінің заңдылығы мен әділдігіне қоғам сенімін күшейтеді.
Надыров
Надо Азизович
Күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы



