Әрбір сайлаушыны жеке хабардар ету міндеті – мемлекет тарапынан азаматтардың сайлау құқығына жауапкершілікпен қараудың айқын белгісі. Бұл – формалды талап емес, әр адамның дауыс беру мүмкіндігін толық әрі тең дәрежеде жүзеге асыруына бағытталған нақты қадам. Жеке хабарландыру азаматқа өзінің қай учаскеде, қай уақытта дауыс беретінін білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, оның саяси үдерістегі орнын айқындайды. Мұндай тәсіл азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтады.
Ақпараттың уақтылы әрі нақты жеткізілуі – түсіндіру жұмыстарының сапасын көрсететін маңызды өлшем. Дер кезінде берілген мәлімет қоғамда түсінбеушілік пен алып-қашпа әңгімелердің алдын алып, сайлау процесінің ұйымдасқан түрде өтуіне ықпал етеді. Жүйелі ақпараттандыру азаматтардың белсенділігін арттырып, олардың саналы таңдау жасауына жағдай жасайды.
Осылайша, жеке хабардар ету мен сапалы ақпараттық жұмыс – сайлау науқанының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі.
Куленова
Анар Назаровна
Заңгер



