Бүгін конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында жалпыұлттық коалиция мүшелері Есік қаласындағы медициналық колледж ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен басымдықтары жан-жақты түсіндіріліп, енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріндегі маңызы атап өтілді. Сонымен қатар реформаның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны айтылды.



