Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026 19:15

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция белсенділері өңірлерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын қолға алды. 

Астана қаласынан бастау алған жұмыс, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте жалғасын тапты. Белсенділер белгіленген орындарда үгіт-насихат плакаттарын ілумен қатар, ақпараттық-түсіндірме парақшаларын азаматтарға таратуда. Сондай-ақ, коалиция мүшелері мен белсенділер еліміз бойынша ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

Жалпыұлттық коалиция мүшесі, «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов науқанға еліміздің барлық өңірінен жастар белсенді қатысып жатқанын атап өтті. 

«Коалиция жұмысы басталысымен 3 республикалық маңызы бар қала мен 17 облыста құрылған коалиция филиалдары жанындағы белсенділер жүйелі іске кірісті. Бүгінде жастар офлайн форматта ақпараттық материалдарды таратып, азаматтарға Жаңа Конституцияның мазмұны мен 15 наурызда өтетін референдумның маңызын түсіндіруде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы да кең аудиторияны қамтып, онлайн кеңістікте белсенді түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі мақсатымыз – қоғамға алдағы саяси науқанның мәні мен маңызын жан-жақты жеткізу», – деді ол. 

Коалиция өкілдерінің мәліметінше, ақпараттық іс-шаралар облыс және қала орталықтарымен қатар, аудан мен ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Алдағы уақытта «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен жеке форматта жүздесу жоспарланған. Бұл бастама аясында азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беріліп, қосымша түсіндірме материалдары ұсынылады.

Бұдан бөлек, Жалпыұлттық коалиция мүшелері республика көлемінде кездесулер ұйымдастырып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіруде. Тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында кездесулер өткізіліп, азаматтардың сауалдарына жауап берііп жатыр. 

Айта кету керек, жетекші қоғамдық-саяси күштер «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция аясында бірікті. Оның құрамына саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент пен мәслихат депутаттары, ғылыми-сарапшылық қауым өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдары енген.

Қазіргі уақытта коалиция мүшелері аймақтардағы түсіндіру іс-шараларын жалғастыруда. Референдум қарсаңында еңбек ұжымдарымен, сарапшылармен және тұрғындармен кездесулер өткізу арқылы ашық диалог алаңдарын кеңейту көзделіп отыр. Негізгі басымдық – азаматтардың саналы әрі жауапты түрде шешім қабылдауына жағдай жасау. 

Оқылды 33 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет