15 наурыз күні жаңа Конституцияға байланысты Бәйтерек ауылының тұрғындарына “Есіктен есікке” акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында ауыл тұрғындарына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызы түсіндіріліп, референдумның мақсаты мен қоғам үшін маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.




