Бейсенбі, 26 Ақпан 2026 09:42

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау іс жүзінде: сапасыз оқу курсы үшін қаражат қайтарылды

 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматша ағылшын тілі курсының сапасына қатысты шағыммен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, төлем жасамас бұрын оған заманауи оқыту тәсілі, оқытушының жоғары біліктілігі және тиімді әдістеме туралы ақпарат берілген.

Алайда сабақ басталғаннан кейін көрсетілген қызметтің нақты сапасы уәде етілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған. Оқыту барысында ескірген әдістеме қолданылған, жеке тәсіл қарастырылмаған, материалды түсіндіру сапасы тұтынушының күткен деңгейіне сай болмаған. Осыған байланысты азаматша әрі қарай оқудан бас тартып, төленген қаражатты қайтаруды талап еткен.

? Департамент мамандары жағдайды жан-жақты зерделеп, тұтынушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтарын түсіндірді. Азаматшаға қызмет көрсетушіге жолданатын сотқа дейінгі талап-арызды (досудебная претензия) дайындау және жіберу бойынша практикалық көмек көрсетілді.

? Ресми талап-арызды алғаннан кейін қызмет көрсетуші тұтынушының талабын қарап, дауды ерікті түрде реттеу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде өтініш берушіге 215 883 теңге көлеміндегі қаражат толық қайтарылды.

✅ Уақтылы жүгіну және білікті құқықтық сүйемелдеудің арқасында мәселе сотқа жеткізілмей шешімін тапты.

Өтініш беруші Департамент қызметкерлеріне кәсібилігі, мұқияттылығы және жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

Егер сіз де сапасыз қызметке тап болып немесе тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылса — мәселені кейінге қалдырмаңыз. Өз құқықтарыңызды қорғау үшін Департаментке жүгініңіз.

Оқылды 37 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет