Аталған акция Есік қаласында, сондай-ақ Шелек, Қазақстан, Қорам, Сөгеті және Бартоғай ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға референдумның маңызын түсіндіру, дауыс беру тәртібі бойынша ақпарат беру және азаматтардың саяси белсенділігін арттыру.
Акция барысында жауапты мамандар мен еріктілер тұрғын үйлерді аралап, референдумның мәні мен маңызы, дауыс беру күні, учаскелердің жұмыс тәртібі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ақпараттық жадынамалар таратылып, азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.




