Сәрсенбі, 04 Наурыз 2026 12:30

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мен үшін алда өтетін республикалық референдумның маңызы аса зор. Олай болмағанда ше? Өйткені, мен алғаш рет мемлекеттік саясатқа қатысты өз ұстанымымды білдіре аламын.

Мен ел дамуына негіз болатын және егемендік пен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін жаңа Конституцияның жобасымен мұқият таныстым. Жалпы, менің ойымша, ұсынылған барлық өзгеріс біздің тәуелсіздігімізді нығайтуға және қорғауға бағытталған.

Студент ретінде мені, әрине, білім, ғылым және инновация мәселелері толғандырады, ал елдің ұсынылған Негізгі Заңында олар біздің басты стратегиялық бағытымыз және мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде айқындалған. Жастардың сапалы білім алуына, кәсіби қалыптасуына және азаматтық бастамаларына қолдау конституциялық тұрғыдан бекітіледі. Сонымен қатар, цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау нормасы жаңа дәуірдің талаптарына уақтылы жауап болып саналады.

Конституцияның новеллалары азаматтардың рөлін арттыруға және қоғамдық процестерге жастарды белсенді  қатыстыруға бағытталған деп санаймын. Біз, жас ұрпақ, еліміздің жарқын болашағын қалаймыз, сондықтан  бұл істе айрықша белсенділік танытуымыз қажет.

Мен және менің құрдастарым елдің одан әрі қарайғы дамуын айқындау жолындағы таңдауға өте жауапкершілікпен қарайды деп айта аламын. Біз үшін референдумға қатысу тек өз құқықтарымызды пайдаланып қана қоймай, азаматтық борышымызды орындау деп білемін.

15 наурызда өтетін референдум – тек дауыс беру ғана емес, бұл әрқайсымыздың ел тағдырына қосқан үлесіміз және біздің пікіріміз маңызды деп айтуға мүмкіндік беретін күн. Сондықтан  жастар референдумға белсене атсалып, өз таңдауымызды жасайық. Болашақ біздің қолымызда!

 Дания Бүркітбек,

Шелек политехникалық колледжінің студенті

Еңбекшіқазақ ауданы

Оқылды 44 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет