Жиынның мақсаты – Ата Заңның жаңа жобасымен таныстыру, оның негізгі бағыттарын түсіндіру және алдағы референдумның маңызын кеңінен насихаттау болды.
Кездесу барысында жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына айрықша басымдық берілгені атап өтілді. Әсіресе азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастыру бағытындағы өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Ауыл тұрғындары өз ойларын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу қорытындысында жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысынан туындаған маңызды құжат екені айтылып, оның ел дамуы үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.




