Конституциялық реформалар ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған. Мемлекет барлық азаматтардың тең құқықтылығын қамтамасыз ете отырып, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды басты назарда ұстайды.
Бұл қағидаттар қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді сақтаудың берік негізі болып табылады. Заң алдында бәрінің тең болуы, қандай да бір әлеуметтік, этностық немесе діни ерекшеліктеріне қарамастан құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы – әділетті мемлекеттің басты өлшемі.
Сонымен қатар, мәдени әртүрлілікті құрметтеу және тілдік, діни ерекшеліктерді сақтау мен дамытуға жағдай жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде айқындалды. Бұл ұстаным әрбір азаматтың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Қоғамдық келісім институттарын қолдау, диалог алаңдарын дамыту және өзара құрмет пен толеранттылық құндылықтарын дәріптеу – ел ішіндегі татулықты нығайтудың тиімді тетіктері. Мұндай саясат әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, ортақ мақсаттарға жұмылуға жағдай жасайды.
Осылайша, конституциялық реформалар ұлттық бірлікті бекемдеп, көпэтносты қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған стратегиялық қадам ретінде елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.
Болатканова Жамал Сәбетқызы,
Жастар ісі жөніндегі әдіскер - нұсқаушысы




