Байсейіт ауылындағы И. Таиров атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жобаның кезең-кезеңімен дайындалғанын, 130 сарапшыдан құралған Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
«Жаңа Конституция – кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Ұсыныстар арнайы порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Бұл құжаттың әрбір нормасы кәсіби сараптамадан өтті. Сондықтан 15 наурызда өтетін референдум – қоғамның өз еркін заңды түрде білдіру мүмкіндігі», – деп атап өтті кездесу барысында.
Кездесу соңында ұжым өкілдері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.




