Ұсынылған конституциялық реформалар құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның үстем болуы – экономикалық және саяси тұрақтылықтың басты шарты. Жаңа нормалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, ашықтық пен есептілікті күшейтеді.
Құқықтық мемлекет қағидаттарының нығаюы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Заң алдында бәрінің тең болуы, әділ сот төрелігінің қамтамасыз етілуі және мемлекеттік органдардың жауапкершілігінің артуы – қоғамдағы сенімді қалыптастыратын маңызды факторлар.
Сонымен қатар, конституциялық өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Бұл мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне және басқару сапасының артуына ықпал етеді.
Ашықтық пен жариялылық қағидаттарының күшеюі мемлекеттік органдардың қызметін қоғам алдында есепті етеді. Азаматтардың пікірін ескеру, қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту және басқару үдерістеріне халықтың қатысуын кеңейту – демократиялық басқарудың маңызды элементтері болып табылады.
Осылайша, конституциялық реформалар құқықтық мемлекетті нығайтып қана қоймай, әділдік пен заң үстемдігіне негізделген тұрақты әрі дамыған қоғам құруға берік негіз қалайды.
Магамедова Зоя Кайсаровна,
Шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі төрағасы орынбасары




