Конституциялық реформалар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жағдай жасайды. Бұл – болашақ буынның жауапкершілігін арттырып, елдің инновациялық дамуына серпін береді.
Жастар – қоғамның ең белсенді әрі жаңашыл бөлігі. Сондықтан олардың білім алуына, өз қабілетін дамытуына және ел дамуына үлес қосуына қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Конституциялық өзгерістер жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қоғамдық бастамаларын қолдауға жол ашады.
Сонымен қатар, жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне қатысу мүмкіндіктері артып, азаматтық белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жас буынның ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік береді.
Білім мен ғылымды дамыту, инновациялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру – жастардың әлеуетін толық жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадамдар. Мұндай саясат елдің зияткерлік және экономикалық дамуына жаңа серпін береді.
Осылайша, конституциялық реформалар жастардың болашаққа сенімін нығайтып, олардың білімді, белсенді және жауапты азамат ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды. Жастардың белсенділігі мен жаңашыл ойы – елдің тұрақты дамуының маңызды кепілі.
Сарсембаев Даурен Ауесканович,
Мәдениет үйінің директоры




