Бижанов ауылындағы М. Мақатаев атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны түсіндірілді.
Коалиция мүшелері жоба 2025 жылғы қыркүйекте басталған реформадан кейін кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия құрылғанын және 10 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.
«Бұл құжат жабық кабинетте емес, ашық қоғамдық талқылау негізінде дайындалды. Комиссия 12 ашық отырыс өткізіп, түскен ұсыныстарды жүйелеп, жан-жақты қарастырды. Сондықтан жаңа Конституция – кең қоғамдық қатысудың нәтижесі. Ал референдум – сол қоғамдық еріктің заңды түрде бекітілетін кезеңі», – деді коалиция мүшелері.
Кездесу соңында ұжым өкілдері алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.




