Жаңа реформаның қабылдануы – мемлекеттің дамуындағы маңызды қадам. Қоғам үнемі өзгеріп отырғандықтан, басқару жүйесі де заман талабына сай жаңарып отыруы қажет. Егер мемлекет реформаларды уақытында енгізсе, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы тұрақты болады.
Кез келген реформа қоғамдағы белгілі бір мәселелерді шешу үшін қабылданады. Уақыт өте келе заңдар мен ережелер ескіріп, жаңа жағдайларға сәйкес келмей қалады. Сондықтан реформалар арқылы олар жаңартылып, тиімді жүйе қалыптасады.
Жаңа реформалар экономиканың дамуына үлкен әсер етеді. Олар кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын арттырады.
Реформалардың тағы бір маңызды мақсаты – қоғамда әділдік орнату. Егер заңдар әділ әрі ашық болса, азаматтар өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болады. Бұл мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтады.
Куленова
Анар Назаровна
Заңгер




