Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026 15:52

Сібір жарасының алдын алу туралы

Сібір жарасы дегеніміз– зооноз тобындағы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру.

Ауру дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады.

Сібір жарасы жиі жағдайда терілік, өте сирек  ішектік, өкпелік  және сепсистік түрде  өтуі мүмкін.

 Аурудың қоздырғышы – таяқша пішінді, қозғалмайтын аэробты бактерия. Бұл бактериялар адам мен жануарлар ағзасынан тыс жерлерде спора түзеді. Споралар физикалық-химиялық заттардың әсеріне өте төзімді, қоршаған ортада тіршілік қабілетін ондаған-жүздеген жылдарға дейін сақтай алуға қабілетті.

Сібір жарасының адам үшін негізгі көзі болып  – ауру жұқтырған ауылшаруашылық жануарлар (ірі қара мал,  қой - ешкі, түйе, шошқа)  болып табылады.

Аурудың  адамға жұғу жолы көбінесе қарым-қатынас арқылы (малды сою, оның терісін сыпыру немесе малдан алынған өнімді өңдеу)  және бактерияның спораларымен ластанған  тағам мен суды пайдаланған кезде, топырақтық ошақтарда егістік жұмыстарын жүргізу кезінде  жұғуы мүмкін. 

 Ауру қоздырғышы - адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының таяқшасы жиі жағдайда енген жердегі тері жамылғысын зақымдайды, сирек жағдайда ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін.

Инкубациялық (жасырын кезең) кезеңінің ұзақтығы

– аурудың терілік түрінде бірнеше сағаттан 14 күнге дейін,

  • сепсистік түрінде 6-8 күнге созылады.

        Жара орнына жақын орналасқан лимфа бездерінің ұлғаюы болады. 2-3 ші аптаның соңына қарай жараның бетіндегі қабыршақ түсіп, оның орны тыртықтанады. Жараның орналасуы ауру қоздырғышының ену орнына тікелей байланысты болады. Көп жағдайда – ол аяқ-қол, мойын және мойын-желке тұстары.  Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, +39 +40ºС ге дейін көтеріледі.

Адамда ауру 90-95%  дейін терілік, 80% жағдайда жеңіл түрде, 20%  ауыр түрде өтеді.

Аурдың терілік түрінде науқас дер кезінде медициналық ұйымға қаралып, қажетті емін алмаған жағдайда немесе  емін кеш бастаған 5% жағдайда ауруды соңы өлімге әкелуі мүмкін. 

Ішектік түрінде ауру ауыр уланумен, геморрагиялық энтероколитпен көрініс береді, үрдіс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік-ішектік түрлерінде өлім 80-100% дейін жетеді.

Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен науқас міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралып, арнайы емдеу шаралары жүргізілген жағдайда науқастың толығымен сауығып кетуіне болады.

       Сібір жарасының спецификалық алдын алу шарасына – профилактикалық екпе жатады.

      Сібір жарасына қарсы егу  санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласының қызметкерлері, сібір жарасының қоздырғыштарына зерттеу жүргізетін зертханалар мен ет өңдейтін комбинаттарда, ауылшаруашылық жануарларды ұстап көбейтумен  шаруашылықтардың жұмысшылары, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдар тобына жүргізіледі.

    Адам ағзасында сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.

          Аурдуы жұқтырудың басқа сақтық шараларына ауылшаруашылық жануарларға күтім жасау кезінде жеке бас тазалығын ұстану. Малды сояр алдында міндетті түрде ветеринар маманға көрсету, жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) белгіген арнайы бөлінген орындарды сою. Алынған өнімдерді (ет, сүт) мұқият термиялық өңдеуден кейін пайдалануды.

       Ет, сүтті  арнайы белгіленген  сауда орындарынан алып пайдалану қажет.  

         Ауылшаруалышылық малдардарға мұқият қарап, қажетті профилактикалық екпелерін жасатуды, күтіп ұстау ережелерін қатаң сақтауды. Малда не үй жануарында қандай да бір жұқпалы аурудың белгелері байқалса дереу жергілікті ветеринар маманды шақыртып, көрсеткен абзал.

       Жеке аулаларда ауылшаруашылық малды союдан бас тартуға, тек арнайы бөлінген орындарда ветеринар маманның қарап тексеруінен кейін сойып, алынған өнімді пайдалануға кеңес береміз. 

 

                          

 Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 14 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет