«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылындағы Төле би орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасының басты бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында жаңа Конституцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде анық көрініс табатыны айтылды. Азаматтардың заң бойынша ақысыз медициналық көмек алу құқығы сақталатыны, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақты бекітілетіні түсіндірілді.
«Жоба әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, керісінше оларды құқықтық тұрғыдан нақты әрі айқын қамтамасыз етуге бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидасы тек декларация емес, бюджеттік және заңнамалық міндеттемелер арқылы жүзеге асатын нақты норма. Бұл – азаматтардың білім алу мен денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғаудың кепілі», – деді коалиция мүшесі Абитов Ерік
Мектеп ұжымы Конституция жобасының мазмұнын қолдайтынын айтып, референдумға белсенді қатысуға ниетті екенін жеткізді.




