Конституциялық реформалар мемлекеттің дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін кеңейту.
Парламенттің рөлінің артуы және жергілікті басқару жүйесінің дамуы демократиялық процестердің нығаюына ықпал етеді. Нәтижесінде қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс күшейеді.
Жаңа реформалар елдегі саяси тұрақтылықты сақтай отырып, басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Конституцияға енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады. Бұл қоғамдағы сенімді арттырып, елдің дамуына оң әсер етеді.
Ыдырысов Арман,
Мәдениет саласының қызметкері




